Зейнетақы төлеуден бас тарту туралы даулы норма Конституциялық сотқа жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зейнетақы төлеуден бас тарту туралы даулы норма Конституциялық сотқа жетті Фото:depositphotos.com

Конституциялық сот Қазақстан азаматтарының шетелге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі жөнінде нормативтік қаулы қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Конституциялық сот Қазақстан азаматтарының шетелге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі жөнінде нормативтік қаулы қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Толығырақ Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Өтінішке Қазақстан азаматының шетелде тұрақты тұруына байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартуға немесе оларды тоқтатуға жол беретін заңнама ережелерінің Конституцияға сәйкестігі туралы мәселе туындаған сот дауын қарау негіз болды.

Соттың пікірінше, даулы ережелер азаматтардың жасына байланысты әлеуметтік қамсыздандыруға арналған конституциялық құқықтарын іске асыруға шектеу қоюы және олардың тұрғылықты жеріне қарай құқықтар көлемінде айырмашылықтар туғызуы мүмкін.

Конституциялық сот зейнетақымен қамсыздандыру құқығына Конституция кепілдік беретінін және оның азаматтың шетелде тұруына байланысты шектелмеуге тиіс екенін атап өтті.

"Өзге мемлекетке тұрақты тұруға кеткен Қазақстан азаматтары азаматтығын сақтайды, ал онымен бірге конституциялық құқықтары мен кепілдіктері де сақталады. Конституциялық бақылау органы зейнетақымен қамсыздандыру, ең алдымен, азаматтың тұрғылықты жерімен емес, зейнет жасына жетуімен және заңда көзделген талаптарға байланысты екенін атап көрсетті", - деп хабарлады ведомство.

Конституциялық сот қандай шешім қабылдады?

Нәтижесінде Конституциялық сот заңда көзделген өзге де талаптар сақталған жағдайда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мен жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау және алу құқығын іске асыру кезінде Қазақстан аумағында тұрақты тұру талабы азаматтарға қолданылмайды деген қорытындыға келді.

Сондай-ақ Қазақстаннан тыс жергетұрақты тұруға кету фактісі Қазақстан Республикасының аумағында тұрақтытұру талабы міндетті болып табылатын адамдарға, атап айтқанда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатыстығана, егер Қазақстан заңдарында және халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, зейнетақы төлемдерін тоқтатуға негіз болуы мүмкін екені түсіндірілді.

Қарау қорытындысы бойынша дауланған нормалар олардың конституциялық-құқықтық түсіндірмесінде Конституцияға сәйкесдеп танылды.

Қабылданған нормативтік қаулы азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға, әділдікті қамтамасыз етуге және Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын қазақстандықтардың конституциялық құқықтарын шектеугежол бермеуге бағытталған.

Тағы оқыңыз: БЖЗҚ 2026 жылға арналған жаңа жеткілікті шекті жариялады

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.24   566.56   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +32
Ақтау +23
Ақтөбе +21
Атырау +26
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +32
П
Павлодар +28
Петропавл +32
С
Семей +32
Т
Талдықорған +33
Тараз +35
Түркістан +23
О
Орал +29
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер