13 шілде 2026 11:36

Қазақстанда білім беру гранттарына өтініштер қабылдау басталды

Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 13-20 шілде аралығында білім беру гранттарын иелену конкурсына қатысу үшін талапкерлерден өтініш қабылдау басталды. Құжаттарды университеттер жанындағы қабылдау комиссиялары арқылы офлайн (онлайн — виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы), сондай-ақ egov.kz порталы арқылы онлайн тапсыруға болады, деп хабарлайды Tengri Education Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Бөлісу

Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер жеке куәлігін, ҰБТ сертификатын, 3×4 көлеміндегі фотосуретті және орта білім туралы аттестатты (колледж түлектері үшін дипломды) ұсынуы қажет. Сондай-ақ жеңілдік санаты бойынша конкурсқа қатысу құқығын растайтын құжаттар (бар болса) талап етіледі.

Жарнама
Жарнама

Білім беру гранттарын иелену конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті балдар белгіленген:

  • "Педагогикалық ғылымдар" және "Құқық" бағыттары бойынша кемінде 75 балл жинау қажет;
  • "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша - кемінде 70 балл;
  • ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін - кемінде 65 балл;
  • басқа жоғары оқу орындарына - кемінде 50 балл.

Жоғары оқу орындары білім беру гранттарын иелену конкурсына қатысу және ақылы негізде оқу үшін өз шекті балдарын дербес белгілеуге құқылы.

Ауылдық жерлерден келген талапкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қабылдау науқаны аясында арнайы қолдау шаралары қарастырылған. Мәселен, гранттар конкурсына қатысу кезінде мемлекет белгілеген квоталар қолданылады.

Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда білім беру гранттарына құжат қабылдау басталады: нұсқаулық

Пікірлерді оқу