26 маусым 2026 14:18

Қазақстанда оқушылардың смартфон ұстауына қатысты шешім қабылданды

Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық мектеп оқушылары сабақ кезінде смартфондарын өткізуге міндеттеледі. Бірақ бұл барлық сыныпқа бірдей қатысты емес. Толығырақ мәліметті оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, - деп хабарлайды Tengri Education.

Бөлісу

Норма жаңа оқу жылынан бастап күшіне енеді. Министрдің айтуынша, ол ең алдымен 1-7 сынып оқушыларына қатысты болады.

"Қазір біз тиісті ережені дайындап жатырмыз. Жоғары сыныптарда көптеген пән онлайн-платформалар арқылы оқытылады. Мүмкін, SAT және ҰБТ-ға дайындық басталған кезде бұл жайттарды мұғалімдер қауымдастығымен әлі де талқылармыз. Басқа жағдайларда 7-сыныпқа дейін сабақ кезінде смартфондарды өткізу қажет болады", - деді Жұлдыз Сүлейменова үкімет кулуарында.

Жарнама
Жарнама

Министр бұны тыйым салу деп атау дұрыс емес екенін нақтылады: ведомство "сабақ кезінде және мектепішілік оқу процесі барысында смартфондарды пайдалануды реттеуді" жоспарлап отыр. Сондай-ақ сабақтарда планшеттерді қолдану көзделіп отыр.

Еске салайық: қыста депутаттар смартфондарға толықтай тыйым салуды ұсынған болатын.

Пікірлерді оқу