15 шілде 2026 17:03

Қазақстандық әйелге ұлының мінез-құлқы үшін 43 мың теңге айыппұл салынды

Фото:depositphotos.com

Қазақстандық әйелге баласының мектептегі мінез-құлқы үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылы 43 250 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Істі Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық соты қарады, - деп хабарлайды Tengri Education соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бөлісу

2026 жылы мамырда аудандық мектептердің бірінің 9-сынып оқушысы 8-сыныптың бірнеше оқушысына буллинг жасап, олардан ақша сұраған. Заң талаптарына сәйкес, мектеп оқушысының анасына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-2-бабы 3-бөлігі ("Кәмелетке толмаған адам жасаған буллинг") бойынша хаттама толтырылды.

Анықтама: Буллинг - бұл бір немесе бірнеше адам тарапынан жасалатын жүйелі түрдегі қорлау, кемсіту немесе қорқыту. Ол балағаттау, мазақ ету, қорқыту, қауесет тарату, елемеу немесе физикалық зорлық-зомбылық түрінде көрініс табуы мүмкін. Буллинг көбінесе мектептерде және интернетте (кибербуллинг) кездеседі және адамның психологиялық күйіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Жарнама
Жарнама

Сотта жасөспірімнің кінәсі хаттама, полиция бөліміне оқиға туралы түскен хабарлама, тараптардың түсініктемелері және істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Оның анасы хаттамада көрсетілген мән-жайларды мойындап, алдағы уақытта баласының мұндай әрекеттеріне жол бермеуге уәде берді.

Баптың санкциясы ата-аналарға ескерту жасауды немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады. Әйелге ақшалай жаза қолдану туралы шешім қабылданды - ол бюджетке 43 мың теңгеден аса қаражат төлеуі тиіс. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Пікірлерді оқу