26 қыркүйек 2014 10:54

"АRТиШОК" Арменияда өтетін театр фестиваліне қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©artishock.kz ©artishock.kz

"АRТиШОК" театры Ереванда 1-8 қазан аралығында өтетін HighFest XII халықаралық театр фестиваліне қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шығармашылық ұжым фестивальде "Пушкин stand up" спектаклін ұсынады.


"АRТиШОК" театры Ереванда 1-8 қазан аралығында өтетін HighFest XII халықаралық театр фестиваліне қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шығармашылық ұжым фестивальде "Пушкин stand up" спектаклін ұсынады.

Фестиваль бағдарламасы туралы әңгімелеген HighFest президенті Артур Гукасян "АRТиШОК" театры қойылымының айтулы оқиғалардың төрттігіне енетінін атап өтті. Биыл шараға әлемнің 18 елінен 200-ден астам әртіс шақырылған. Фестиваль қатысушыларының арасында Ұлыбритания, Франция, Австрия, Италия, Финляндия, Ресей, Қазақстан, Иран және Грузиядан келетін труппалар бар. Фестиваль аптасында Ереванның 10 сахнасында 50-ге жуық қойылым көрсетіледі.

Айта кетейік, режиссер Галина Пьянованың "Пушкин stand up" спектаклі 2013 жылдың 21 маусымында тұңғыш рет көрсетілген еді. Қойылым - Александр Пушкиннің "Евгений Онегин" романының сахналық нұсқасы, оны актриса Вероника Насальская оқиды. "Біз Александр Сергеевичтің қазіргі заманның адамы екенін, ал Евгений Онегиннің біздің заманның қаһарманы екенін түсіндіреміз. Бәрі "Мен Пушкинді оқыдым, бірақ сіздерде бәрі басқаша!" деп жатады. Бұл - мықты материал, одан нафталиннің иісі шықпайды", - дейді Насальская.

Ереванға аттанар алдында 29 қыркүйек күні ұжым спектакльді өз театрында көрсетеді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети