08 желтоқсан 2022 17:38

"Алдар Көсе" қойылымы тұңғыш рет мюзикл жанрында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алып бәйтерек. Қасиетті тайқазан. Қазақы ою. Астарлы әзіл. Ойлы әуен. "Қара жорға" биі. Сиқырлы таяқтың құпиясы мен судың сиқыры. Мыстан кемпірдің айлакерлігі. Заманауи Алдар Көсе бейнесі. Ержүрек батырлардың дәумен шайқасы. Қала берді балалар үшін арнайы базарлық!


Алып бәйтерек. Қасиетті тайқазан. Қазақы ою. Астарлы әзіл. Ойлы әуен. "Қара жорға" биі. Сиқырлы таяқтың құпиясы мен судың сиқыры. Мыстан кемпірдің айлакерлігі. Заманауи Алдар Көсе бейнесі. Ержүрек батырлардың дәумен шайқасы. Қала берді балалар үшін арнайы базарлық!

Міне, дәл осы көріністерді "Алдар Көсе" қойылымынан тамашалауға болады. Жақын арада тұңғыш рет мюзикл жанрындағы жаңа қойылым жол тартады. 2022 жылдың 14-15 желтоқсан және 2023 жылдың 5,6,7 қаңтар күндері Балалар жылына орай "Алдар Көсе" мюзиклі өтеді.

"Театр және кино өнері туындыларында көрініс тапқан қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері Алдар Көсе ең алғаш рет сахнаға 1942 жылы пьеса, 1964 жылы көркем фильм ретінде көрермендер назарына ұсынылса, араға сексен жылдан астам уақыт салып, жаңа мюзикалық қойылым ретінде балаларға арналып отыр. "Алдар Көсе" мюзикл қойылымы жасөспірімдер арасында халық батырының мәңгілік бейнесін жасауға септігін тигізеді деген ойдамыз" деп атап өтті "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова.

"Балаларға арналған ертегіні музыкалық драманың тілімен, мюзикл жанрымен жеткізгелі отырмыз. Бұл мюзиклдық қойылым жас көрермендер қызығып қарайтындай, жас бүлдіршіндердің талғамына сай тамаша тарту болғалы тұр. Қойылымның сценарийі де жаңадан жазылды. Ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, мюзиклдің сахналық декорациясын да ерекше етіп жасадық" деді мюзиклдің қоюшы-режиссеры Есләм Нұртазин.

Алдар Көсе десек, бірден Молдабайдың әні еске түседі. Бұдан бөлек қойылымда сегіз ән, төрт хор орындалады. Қойылымның сюжетінде қазақ халқының жарқын әрі тағылымды көрінісі баяндалады. Басты кейіпкер кедейлерді зұлымдық пен сараң байлардан қорғап жүреді. Әрі шапшаң, әрі жүйрік Алдар Көсе үнемі қиын жағдайлардан шығып кетуге тырысады. Бұл жолы оқиға кейіпкеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі, өйткені халықты Тағай ханның әділетсіз билігінен аман алып қалуы тікелей өзіне байланысты. Ол барлық қиындықты жеңе ала ма, өткір ақылы мен ептілігіне бұл жолы сенім арта ала ма?..

Айта кетейік, "Қазақконцерт" ұжымы Балалар жылына орай жыл басынан бері "Балалар филармониясы", "Жас киноман" жобалары мен "Арман асулары" республикалық фестивалі және т.б. бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды.

Аталмыш қойылымды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстандағы және Орталық Азиядағы тұңғыш "ASTANA MUSICAL" мемлекеттік музыкалық театрының әртістері сахналайды.

Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети