22 ақпан 2014 | 12:48

Алексей Панин Қостанайда өнер көрсетпейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актер Алексей Панин. ©РИА Новости Актер Алексей Панин. ©РИА Новости

"Мәскеу тәуелсіз театрының" гастрөлдік сапары аясында Қостанайда өнер көрсетуі тиіс ресейлік актер Алексей Панин сахнаға шықпайтын болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қостанай облыстық орыс драма театрының қызметкерлері хабарлады. Актер 22 ақпанда Қостанай театрының сахнасында өнер көрсетуі тиіс еді. Көрермендерге сатылған билеттердің ақшасы қайтарылмақ. 230 билеттің 100-і сатылғаны белгілі. Бұған дейін Алексей Паниннің Көкшетаудағы гастрөлдік сапарында айғай-шу тудырғаны жайлы хабарланған болатын. Бұл келеңсіз жағдай 20 ақпан күні орын алған еді. Сол күні актер сахнаға мас күйінде шыққандықтан көрермендерге билеттерінің ақшасы қайтарылған болатын. Алексей Паниннің өзі мұндай жағдайдың болғанын теріске шығарып отыр. "Айтарлықтай ештеңе болған жоқ, қойылым қалыпты өтті, айғай-шу болған жоқ, филормонияның өзі осылай даурықтырып отыр. Полиция мені ешқайда әкеткен жоқ", деді актер журналистерге берген жауабында. Ол қазақстандық БАҚ өкілдерін балағаттап кетіп қалды. Көкшетаудағы "Бес в ребро" спектаклінің көрсетілуі актердің ішіп алып сойқан шығарғандығынан тоқтатылғаны белгілі. Полиция қызметкерелері Панин қоғамдық орында мас күйінде тәртіп бұзғаны үшін оған әкімшілік протокол жасаған. Алексей Панин гастрөлдік сапарды ұйымдастырушылар мен филормония қызметкерлеріне өзінің наразылығын білдірген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.58   535.1   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети