08 мамыр 2018 11:06

Алматыда қазақтың ұлттық ойындарына 18 миллион теңге тігілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы ақпараттық және спорттық ХАБ © Алматы ақпараттық және спорттық ХАБ

Алматыда мерекелік "Ұлы дала ойындары" фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлады "Хабар 24".


Алматыда мерекелік "Ұлы дала ойындары" фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлады "Хабар 24".

Телеарнаның мәліметінше, мұнда бәйге, көкпар, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ сынды ұлттық ат спорты түрлерінен тартысты дода өтті. Бұған қоса асық ату, қазақ күресі, бағанаға өрмелеу мен қошқар көтеру сынды ептілік пен мергендік, білек пен жүрек, күш пен жігер сынға түскен жарыстар жастардың қызығушылығын арттырды. Бұл шараның жалпы жүлде құны 18 миллион теңгені құрады.

Сонымен қатар, спорттың әр түрінен жеңімпаз атанғандарға қомақты қаржылай және бағалы сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, ұлттық қолөнер жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. 

"Ұлы дала ойындары" жеңімпаздарына бүгінгі фестивальда шамасы 18 миллиондай қарастырылған. Ол барлық іс шаралар бойынша таратылатын болады", - деді "Ұлы дала ойындары" фестивалінің ұйымдастырушысы Айдос Бағашев.

Суреттер © Алматы ақпараттық және спорттық ХАБ 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети