19 тамыз 2022 | 09:57

Алматыда суретші Твердохлебовтың жоғалған гобелендері табылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоколлаж Tengrinews.kz. Фото: Дэнис Кин, Анара Форрестер Фотоколлаж Tengrinews.kz. Фото: Дэнис Кин, Анара Форрестер

Алматыдағы Ғылым академиясы ғимараты төбесінен художник-монументалист Владимир Твердохлебовтың бірегей туындылары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы Ғылым академиясы ғимараты төбесінен художник-монументалист Владимир Твердохлебовтың бірегей туындылары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеңестік және қазақстандық художник-монументалист Владимир Твердохлебов Алматыда Шығыс күнтізбесі субұрқағы сияқты танымал нысандарды жасаған, "Алматы" қонақүйінің қасбетін безендірген, сонымен қатар қаланың әртүрлі ғимараттарындағы көптеген көркем мозаикалардың авторы.

Ол 1984 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы құрамындағы Ғалымдар үйінің кешенді жобасының бас суретшісі болған. Оның эскиздері бойынша гобелендер де жасалған - бір кездері Ғылым академиясының қабырғалары мен залдарын безендірген тоқылған панно мен перделер. 

Ғалымдар үйінің безендірілуі

Суретші олар 2000 жылдардың басында ғимаратты жөндеуден кейін жоғалды деп ойлаған. Алайда суретшінің қызы Анара Форрестер мен АҚШ-тан келген кеңестік сәулет өнерін зерттеуші Денис Кин оларды тауып алған. Олар академия басшылығына қыркүйектің басында суретшіні еске алуға арналған көрме өткізуді ұсынып, панно туралы сұраған.

"Директордың орынбасары олар туралы білмеді, бірақ оның үй шаруасына жауапты орынбасары Бағланға гобелен суреті бар кілемге ұқсайтынын айтқанда, ол әңгіменің не туралы екенін бірден түсініп, бізді шатырға алып шықты. Онда бір үйіндіде тозған және кейбір жерлері шіріген гобелендер жатыр. Бағлан оларды кептіру үшін шығарғандарын айтты. Шамасы, олар сонда ұзақ жатқан", - деді Анара Форрестер.

Суретшінің қызы "Ғылым және прогресс" тақырыбындағы гобелендердің бір бөлігі баспалдақ бойында ілулі тұрғанын айтты. Алматы сәулет өнерін бейнелейтін гобелендер залдарды безендірді, ал олардың ең үлкені – бес-он метрлік тоқылған перде – Ғылым академиясының шағын мәжіліс залының сахнасында болған.

Ғылым академиясының кіші мәжіліс залындағы перделер

Суретшінің қызының айтуынша, әкесінің ең құнды гобелендері айтарлықтай бұзылған - олар бозарып, көгеріп, шіріп кеткен. Дегенмен, табылған алты негізгі жұмыстың кем дегенде екеуін қалпына келтіруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети