Алматыда 27 маусымда өтетін Опера балына (The VII Opera Ball) бүкіл әлемге әйгілі тенор Роберто Аланья (Roberto Alagna) қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда 27 маусымда өтетін Опера балына (The VII Opera Ball) бүкіл әлемге әйгілі тенор Роберто Аланья (Roberto Alagna) қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, ұйымдастырушылар 2015 жылы Опера балын халықаралық деңгейде өткізгелі отыр. Егер бұрын жүлделер үшін тек қазақстандық жұлдыздар ғана таласса, 2015 жылдан бастап, номинацияға бүкіл әлемнен орындаушылар ұсынылатын болады. Ұйымдастырушылар әлемнің 100 опера театрына шақыру жолдады. Балдың жүлде қоры 6000 доллардан 20 мың долларға дейін ұлғайтылды.
VII Опера балының құрметті қазыларының құрамына Париж ұлттық операсының музыкалық директоры Жан Филипп Тьеллэй, Вена мемлекеттік операсының музыкалық жетекшісі Томас Лаусманн, Арена ди Веронаның көркемдік жетекшісі Паоло Гаваценни және Лондон корольдік операсының директоры Каспер Холтон кіреді. Кешті 25 қаңтарда АҚШ-та анықталатын "Әлем аруы" сұлулық байқауының жеңімпазы жүргізетін болады.
"Опера - өнердің ең эстетикалық формаларының бірі, сондықтан біз үшін жас таланттарды іздеу жолымен оның бір бөлігі болу - үлкен құрмет. Біз бүкіл әлем бойынша жас таланттарға көзге түсуге және әйгілі шеберлердің бағасына ие болуға мүмкіндік бере отырып, әдемі дауыстарды іздейміз. Біз үшін халықаралық деңгейдегі екінші опера жүлдесін тағайындау - толқынысты сәт", - деді The Opera Ball негізін қалаушы Марат Омаров.
Еске сала кетейік, Опера балының бірінші жүлдесін Миландағы музыка консерваториясында білім алып жатқан павлодарлық талант Мария Мудряк жеңіп алған еді. Ол 20 жасқа толмай жатып, аты аңызға айналған La Scala сахнасында өнер көрсетті. Оған жүлдені "Грэмми" иегері, оңтүстіккореялық опера әншісі Суми Чо (Sumi Jo) табыс етті. 17 мамырда өткен Опера балын Сати Казанова мен Гедиминас Таранда жүргізді.