Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтой кеші өтті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін Әуезов театрының сахнасында Қазақстан және КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтарының иегері Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтой кеші өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Әуезов театрының сахнасында Қазақстан және КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтарының иегері Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтой кеші өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Театр артистері мен "Салтанат" би ансамблі қатысқан кеште, театр мен кино актері ретро машинамен шығып, белгілі әнші Бибігүл Төлегеновамен "Еңлік-Кебек" спектаклінен үзінді орындады.

 Асанәлі Әшімовтің мерейлі қуанышына Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова арнайы келді. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мерейтоймен құттықтап, Елбасының құрмет грамотасын табыс етті.

Сонымен бірге, Асанәлі Әшімовті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы - Қайрат Мами, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары - Мұхтар Құл-Мұхаммед, КСРО Халық артисі, Ресей мемлекеттік сыйлықтарының иегері, актер, режиссер - Олег Табаков және КСРО Халық артисі, Армения мемлекеттік сыйлықтарының иегері - Армен Джигерханян, Ресейдің халық артисі Никита Михалков құттықтау хаттарын жолдаған.

Жазушылық қырымен де танылған Асанәлі Әшімовтің бұл кешінде Қазақстанның халық артисі, 100 жастағы Айша Абдуллина, Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин қонақ болды.

Кеш соңында Асанәлі Әшімов жиналған қауымға ақ тілегін арнап, батасын берді. Қазақ театры мен киносының майталманы Асанәлі Әшімовтің бұл мерейтойы Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік "ЭКСПО-2017" көрмесінде де жалғасады. Нақтырақ айтсақ, актердің атында Дүниежүзілік театр фестивалі ұйымдастырылып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген театр ұжымдары өз өнерін жиналған қонақтардың назарына ұсынатын болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course down  533.94  course down  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer