12 қаңтар 2018 11:38

"Астана балет" Нью-Йорктегі Линкольн орталығында өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Астана балет" театрының баспасөз қызметінен © "Астана балет" театрының баспасөз қызметінен

2018 жылдың 17 қаңтарында "Астана балет" театрының труппасы Нью-Йорктегі Линкольн орталығында өнер көрсетеді.  "Қазақстан "Астана Балет" Гала" бағдарламасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Жаһандағы заманауи Қазақстан мәдениеті" жобасының аясында өткізіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі балет театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Астана Балет" театрының Нью-Йорктегі бұл бағдарламасы "Ел жүрегі - Астана" атты елордасының жиырма жылдығына арналған мерекелік мәдени іс-шаралардың басы болатыны хабарланып отыр.

Сонымен бірге, бұл "Астана балет" театрының америкалық сахнадағы алғашқы қойылымдары емес. Бұдан үш жыл бұрын театрдың хореографиялық ұжымны қазақстандық балеттің барын көрсеткен. 

"Нью-Йорктегі гастрольге репертуарымыздағы ең үздік қойылымдарды таңдадық - "Ұлы Дала мұрасы" атты хореографиялық миниатюралар мен балет үзінділерінен құралған ұлттық бағдарлама; Алтынай Асылмұратова қойған "Щелкунчик" балетінен па-де-де; "Divercity" және "A fuego lento" атты неоклассикалық балеттердің үзінділері, бельгиялық хореограф Р.Амарантенің "Love Fear Loss" атты бір актілі балеті", - дейді театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри.

Айта кетейік, "Астана Балет" театры Мәскеу мен Санкт-Петербор, Бейжің, Париж, Вена, Сеул, Будапешт, Баку, Минск, Варшава, Брюссель қалаларының әйгілі сахналарында өнер көрсеткен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети