05 желтоқсан 2015 10:10

"Астана Опера" Тәуелсіздік күніне арнап концерт береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Карла Нұр © Карла Нұр

"Астана Опера" Тәуелсіздік мерекесін "Өнерім саған - Тәуелсіз Қазақстаным" атты концертпен атап өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Астана Опера" Тәуелсіздік мерекесін "Өнерім саған - Тәуелсіз Қазақстаным" атты концертпен атап өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәрмәр залдың сахнасында 16 желтоқсанда опера сахнасының жұлдыздары, "Астана Опера" симфониялық оркестрі мен хоры өнер көрсетеді. Сонымен қатар, кеште Бағдат Әбілханов, Руслан Баймурзин, Альфия Каримова, Жұпар Ғабдуллина, Жамиля Жарқымбаева, Бибігүл Жанұзақ, Айзада Капонова, Роза Нұркей, Әсем Сембина, Мадина Исламова, Татьяна Вицинская, Бейімбет Танарықов, Жанат Шыбықбаев, Талғат Галеев көрермендерге қуаныш сыйлайды.

Кеш бағдарламасында Құрманғазының "Балбырауын" күйі, "Гәкку" орындалады. Дирижер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети