Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

"Астана Опера" театрының прима-балеринасы Әйгерім Бекетаева Испанияда өнер көрсетеді

02 Наурыз 2016, 10:16
0
© "Астана Опера" театрының баспасөз қызметі
© "Астана Опера" театрының баспасөз қызметі

"Астана Опера" театрының прима-балеринасы Әйгерім Бекетаева Борис Эйфманның Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық балет Театры труппасымен Испаниядағы гастрольдік сапар аясында өнер көрсетеді. Балерина 6 наурызда Вальядолидте, 15 наурызда Виторияда (Испания) билейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Театрдың көркемдік жетекшісі Борис Эйфманның айтуынша, Әйгерім Бекетаева - шеберлігі мол, ерекше биші, өз ісінің нағыз маманы. "Бастысы, ол аталған театр репертуарын орындауға әбден қабілетті және өзін сол ортада еркін сезінеді. Классикалық негізді жақсы игерген көптеген әртістер жаңа хореографиялық қимылдарға дайын емес болып шығады. Әйгерім Бекетаева Камилланың техникалық әрі психологиялық жағынан күрделі партиясын лайықты игеріп, тіпті оған жаңа реңк енгізді", - деді көркемдік жетекші. 

Еске салайық, Әйгерім Бекетаева осы труппамен 2014 жылы сәуірде Лондон және Будапешт қалаларында өнер көрсеткен еді. "Заманауи балет өнерінің танылған әлемдік орталығы Ұлыбритания астанасында билеу – әркез нағыз сынақ. Әйгерім мен біздің труппаның әртістері бұл сынақтан сүрінбей өтті. Лондондық көрермендер орындарынан тұрып қол соқса, жергілікті сыншылар орындаушылардың шеберлігін жоғары бағалады. Әйгерім Бекетаеваның серіктесі - Роден партиясын билеуші Дмитрий Фишер болды. Менің ойымша, олар сахнада біртұтас пластикалық әрі драматургиялық жұп құра білді. Испанияда Әйгерім Бекетаева тағы да Дмитриймен билейді", - деді Борис Эйфман.

Өз кезегінде Әйгерім Бекетаева, оны әрқашан жылы карсы алатын әріптестермен бірге еңбектенуге қуанышты екенін жеткізді. "Мен олармен әлі күнге дейін жақсы қарым-қатынастамын, хат алмасып тұрамыз, әркез труппа жетістіктеріне шын жүректен қуанамын. Олар да менің шығармашылық өміріме көз салып, тұсаукесермен құттықтап отырады. Екінші рет шақыру - қазақстандық балеттің, әртістеріміздің шеберлігі жоғары деңгейдегі екенін көрсетеді. Камилла партиясы - менің ең сүйікті партияларымның бірі", - деп атап өтті ол.

Борис Эйфманның "Роден" балеті ұлы мүсіншілер Огюст Роден мен оның шәкірті, ғашығы әрі музасы Камилла Клодельдің тағдыры мен шығармашылығына арналады. Бұл - бүкіл әлемге әйгілі қойылым. Қойылым жетістігінің басты себептері қандай деген сұраққа Борис Эйфман "Роденнің мұрасы барша адамзатқа тиесілі. Ұлы мүсінші өз еңбектерінде кез-келген дәуір мен елде түсінікті болатын адам жан-дүниесінің қасиеттерін әбден зерттеген. Бидің ежелгі де тылсым тілі жан-жақты болып келеді. Ол түрлі мәдениетін, дін және саяси көзқарас өкілдерін біріктіреді. Сондықтан, мен Петербургте шығарылып Лондон, Париж, Нью-Йорк, Мәскеу, Астана және басқа да қалаларда қойылып жүрген француз мүсіншісі туралы балеттің көрермендер арасында үлкен табысқа ие болғанына еш таңқалмаймын", - деп жауап берді.

"Астана Опера" балет труппасының директоры Тұрсынбек Нұрқалиевтің айтуынша, Борис Эйфман кез келген әртісті труппасымен билеуге шақыра бермейді. "Прима-балерина Әйгерім Бекетаеваның Испанияға гастрольмен баруы - біздің балет өнеріміздің үлкен жетістігі. Біз қойылымдар мен қазақ балетін қажетті кәсіби деңгейде көрсете аламыз - бұл мәдениетімізге керекті назар аударып отырған мемлекетіміздің еңбегі", - деп атап өтті ол.

Борис Эйфман Әйгерім Бекетаевамен және "Астана Опера" театрымен жаңа шығармашылық қарым-қатынасқа түсуге әркез дайын екенін жеткізді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай