Астанада "Алтын домбыра" иегері анықталады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото kazaitys.kz сайтынан Фото kazaitys.kz сайтынан

Бүгін Астанада "Алтын домбыра" фестивалі аясында "Мәңгілік Ел – мұратым" атты республикалық ақындар айтысы басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Астанада "Алтын домбыра" фестивалі аясында "Мәңгілік Ел – мұратым" атты республикалық ақындар айтысы басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы Конгресс-холл сарайында ақындар айтысы "Нұр Отан" партиясының тікелей қолдауымен, ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Бұл – жыл сайын Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өтіп келе жатқан республикалық дәстүрлі айтыс. Айтысты айтыс ақындары мен жыршы-термешілер халықаралық одағының басқарма төрағасы, қоғам қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізеді.

Ал ақында айтысына төрелік ететін қазылар құрамында белгілі түркітанушы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қорқыт ата ғылыми-зерттеу орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" орденінің иегері Асанәлі Әшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазықызы, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, жырау Бекболат Тілеухан, саяси-қоғамдық "Ара" журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылыр одағы сатира кеңесінің төрағасы Көпен Әмірбек, "Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы" РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев және айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек сынды көпшілікке танымал тұлғалар бар. Сондай-ақ айтысқа "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те келді.

Бүгінгі айтыс 11 жұп арасында өтіп жатыр. Ал финал – 6 желтоқсанда, яғни ертең "Алтын домбыра" иегері анықталады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer