31 тамыз 2016 10:52

Астанада хореография академиясы қытайлық демеушілердің қаражатымен салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бүгін Астанада Орталық Азияда тұңғыш кәсіби хореографиялық білім беретін жоғары оқу орны Қазақ ұлттық хореография академиясы ашылады. Tengrinews.kz тілшілері Әйгерім Әбілмәжітова мен Тұрар Қазанғапов жоғары оқу орны ресми түрде ашылғанға дейін академияға барып қайтты. 

Айта кетейік, академия төрт ғимараттан тұрады: оқу бөлімі, балет, тұратын жер және театр. Балет корпусы төрт қабаттан, тұрғын үй тоғыз қабаттан, оқу бөлімі тоғыз қабаттан, ал театр алты қабаттан тұрады.

Бүгін оқу бөлімінің ашылу салтанаты өтеді. Ал академияғы театр бөлімінің құрылысы қазан-қараша айларында аяқталады екен.

Ал балет корпусында 100 шаршы метрден 400 шаршы метрге дейінгі көлемде 21 зал болады.

Сондай-ақ, ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы академияның ашылу салтанатына дайындықтың қалай өтіп жатқанын тексеріп қайтты.

Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, Қытайдағы би университетіне барып қайтқан соң, Қазақстанда да сондай жоғары оқу орнын ашу туралы ой келген.

Оқу бөлімінде спорттық зал, балалар бассейні мен үлкен асхана бар.

Болашақ кәсіби бишілер. Орта буын сынып оқушылары жаңа өмірге үйреніп жатыр.

Академияда салтанатты шараға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бас қонаққа қызыл кілем де дайындалып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети