31 тамыз 2016 14:18

Көптеген ұрпақтың арманы орындалды деп ойлаймын - Назарбаев Қазақ хореография академиясы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты түрде Астанада Қазақ ұлттық хореография академиясының лентасын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы құттықтау сөзінде мұндай білім беру мекемесінің Қазақстанда бірінші рет ашылып отырғанын айта кетті. 


Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты түрде Астанада Қазақ ұлттық хореография академиясының лентасын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы құттықтау сөзінде мұндай білім беру мекемесінің Қазақстанда бірінші рет ашылып отырғанын айта кетті. 

"Бүгін біз бірінші рет Астанада жаңа өнер ордасын - Қазақ ұлттық хореография академиясын ашып отырмыз. (...) Осыны ескере отырып, мен оған университет (жоғары оқу орны) деңгейін бердім. Менің ойымша көптеген ұрпақтың арманы орындалды. Осы қабырғаларда ұлттық балет пен бидің жаңа саңлақтары тәрбиеленіп шығады. Бұл өнер болғандықтан, нағыз өз саласының маманы болып шығу үшін біріншіден тума талант керек, екіншіден студенттердің ерен еңбегі қажет", - деді Назарбаев.

Президент, мұнда қазақстандық салт-дәстүрдің дамып, әлемде қолданылатын тәсілдерді қалыптасатынын айтты. Айта кетейік, академия Орталық Азиядағы көп деңгейлі кәсіби және хореографиялық білім беретін толық циклды алғашқы жоғары оқу орны екендігіне тоқталды. ЖОО-да бастапқы білім алу, техникалық және кәсіби мамандықты игеру, жоғары оқу орны (бакалавр) және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу (магистратура, доктарантура PhD) бар.

Мемлекет басшысы Алтынай Асылмұратованы жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, табыс тіледі.

"Бұл нысан барлық талапқа сай келетін жоба бойынша салынды. Атап айтқанда, оқу корпустары, оқытушылар мен оқушылар үшін тұрғын үй кешендері салынды, демалыс үшін жағдайлар жасалды, медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылуда. Академия ЭКСПО көрмесінің Халықаралық қаржы орталығы орналасатын аймағына таяу жерден орын тепкен", - деді Қазақстан Президенті.

Елбасы балалар мен жастарды шығармашылыққа және өнерге сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу қоғамның басты міндетінің бірі болып саналатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі көптеген хореографиялық, музыкалық мектептер мен шығармашылық ұжымдар біліктілігі жоғары мамандарға мұқтаж болып отырғанына назар аударды.

Академия төрт ғимараттан тұрады: оқу бөлім, балеттік, тұрғын және театр. Балеттік корпус төрт қабаттан, тұрғын тоғыз қабаттан, оқыту бөлімі - 4 және театр - 6 қабаттан тұрады. Төрт ғимараттың барлығын қосып тұратын үшінші қабаттағы жылытпалы галерея бар, сол жерден әр блокқа шығуға мүмкіндік бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети