Фото art.gazeta.kz сайтынан алынды
Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры жабылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жөніндегі Үкімет қаулысы 3 ақпанда қабылданған.
"Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылы 1 наурызда шыққан Заңына сәйкес ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты "Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жабылсын", – делінген 3 ақпанда шыққан қаулыда.
Сонымен қатар, Ұлттық опера және балет театрын ашу жөніндегі 2000 жылдың 22 қаңтарында шыққан қаулы күшін жоғалтқан болып танылды.