Атырау Жастар театры Испанияда бас жүлде иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атырау Жастар театры Испанияда бас жүлде иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еуропадағы Фиесталония Миленио - шығармашылық топтар үшін халықаралық фестивальдер мен байқаулар ұйымдастыруда көшбасшы.
Фиесталония Миленио - 5 құрлықтан 58 елдің басын қосатын халықаралық қозғалыс. Бұл ұйымның шешіміне еш шүбә келтірмеуге болады. Себебі, әділ қазылар мүшелері әлем мойындаған азаматтар. Олардың қатарында, 180-нен астам танымал музыканттар, дирижерлар, әншілер, хореографтар, продюсерлер, суретшілер және әртістер бар.
Аталған ұйым 2019 жылдың 1-4 желтоқсан күндері Испанияның Льорет-де- Мар қаласында Theatrical Talents атты халықаралық театр фестивалін ұйымдастырды.
Theatents Talents халықаралық театр байқауы - театр дәстүрін сақтауға және халықаралық қатынастарды нығайтуға көмектеседі. Бұл театр өнерін қолдауға, оның дамуына және әртүрлі елдердің театрлары арасында тәжірибе алмасуға бағытталған мәдени шара.
Байқауға Қазақстан бойынша Атырау облысынан Атырау Жастар театры қатысты. Әміржан Нұрланұлы жетекшілік ететін Жастар театры ұжымы Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театрының бас режиссері Мұқанғали Томановтың "Затмение" туындысымен қатысып, 20-25 жас аралғындағы театр ұжымдары арасында бас жүлде иегері атанды.