Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Айтыс алаңы" жобасының жеңімпаздары анықталды

28 Қараша 2015, 17:55
0

"Айтыс алаңы" жобасының жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үш айға созылған жобада 12 ақын бақ сынады. Олардың алтауы ширек финалға жолдама алса, төртеуі жартылай финалда сынға түсті. Сонымен, бас жүлдені Рүстем Қайыртайұлы мен Мейірбек Сұлтанхан бөлісті. Әрқайсысы екі миллион теңгені қанжығаға байлады. 

Жобаның бас төрешісі Жүрсін Ерманның айтуынша, жоба халықтың рухын көтеру мақсатында ұйымдастырылған. "Қазір Қазақстанда 150-тен астам айтыскер ақын есепте тұр. Солардың кез келгені суырып салу өнерін меңгерген, қабілеті бар талантты дарындар. Соларды осылайша аяқ астынан сөз табуға жетелеп, халықты ұйытатын, ой салатын, тебірентетін, рухын көтеретін жаңа жоба болса екен деп үмітпен ұйымдастырдық", - деді Жүрсін Ерман.

Ақтық сынға өту үшін айтыскерлер "қазақ отбасындағы ажырасулар", "отандық арналардағы сансыз сериалдар" тақырыбын қозғап, жыр толғады. Үш айға созылған жобаға еліміздің түкпір-түкпірінен суырып-салма ақындар қатысты. Жобаға қатысқан 12 айтыскердің алтауы ширек финалға өткен еді. Олардың ішінде семейлік Рүстем Қайыртайұлы, қызылордалық Мұхтар Ниязов, алматылық Болатбек Оразбаев, ақтөбелік Ершат Қайболдин жартылай финалға жолдама алған.

Айта кетейік, бағдарлама екі бөлімнен тұрады. "Тақырыптық айтыс" бөлімінде ақындарға жаңалықтарда көрсетілген ең өзекті деген сюжеттен үзінді берілді. Сайыскерлер сол тақырып бойынша сынға түсті. Екінші бөлім - "Пародиялық айтыс".  Ақындар белгілі бір адамдардың атынан жекпе-жекке шықты. Экраннан 9 ұяшық беріледі. Бас төреші ұяшықтарды таңдап, қай ақынның кімнің атынан айтысатынын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, бағдарлама екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім - "Тақырыптық айтыс". Ақындарға "Информбюрода" көрсетілген ең өзекті деген сюжеттен үзінді беріледі. Сайыскерлер сол тақырып бойынша сынға түседі. Екінші бөлім - "Пародиялық айтыс".  Ақындар белгілі бір адамдардың атынан жекпе-жекке шығады. Экраннан 9 ұяшық беріледі. Бас төреші ұяшықтарды таңдап, қай ақынның кімнің атынан айтысатынын айтады. Сондай-ақ, ақындардың өнеріне баға беріп, сынға алған әділ-қазылар қатарында композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев та болды. "Айтыс өнері деген- мынау қазағымыздың төл өнері. Бұл қазақтың қазақтығын ұмыттырмайтын жақсылық деп ойлаймын. Ал енді мынау "31 арнаның" айтыс алаңы деген жобаны ел сүйіп тыңдайды. Бұл арна бұрыннан өзінің әділдігімен, демократиялық принциптерімен халықтың ықыласынан шығып жүр ғой. Арнаның дәл осы жобаны қолға алуы - төл өнерімізге деген үлкен жанашырлығы деп ойлаймын. Бұл халық сүйіп көретін, асыға күтетін бағдарлама болады деп сенемін. Тіпті, арна басшылығы айтысты қолға алған екен жалғасын табады деп сенемін", - деді Қоразбаев.

 Айтыс сахнасында әлеуметтік, қоғамдық, саяси мәселелер айтылды. Ақындарға шектеу қойылмай, керісінше осы айтыстың аясында халыққа кеңінен танылған ақындар Ринат, Балғынбек, Айнұр, Саралардан басқа Ершат Қойболдин, Мейірбек Сұлтанхан секілді жаңа таланттарды аштық.

"Айтыс алаңы" бағдарламасы 12 қыркүйек күні көрерменге жол тартты. Қазақстанның шығысы мен батысынан, солтүстігі мен оңтүстігінен елге танымал, аузы дуалы 12 ақын қатысты. Олардың қатарында Ринат Заитов, Болатбек Оразбаев, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан, Рүстем Қайыртай, Ершат Қайболдин және тағы да басқа қазір бабында жүрген ақындар бар. Аталмыш жоба ережесіз жекпе-жек тәртібіне ұқсас болғандықтан көптеген спорттық шараларда жүргізушілік етіп жүрген танымал актер Болат Әбділманов осы шоудың тізгінін ұстады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай