Баян Есентаева өзінің киімдер желісін шығарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаева өзінің киімдер желісін шығарады Баян Есентаева. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Есентаева өзінің киімдер желісін шығармақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Есентаева өзінің киімдер желісін шығармақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есентаеваның айтуынша, ол киімдер желісін осы күзде шығаруды жоспарлап отыр. Алайда продюсер жаңа жобасы туралы толығырақ мәлімет берген жоқ. 

"Айтуға әлі ерте, күзде бірінші желіні ұсынамын. Киімдер қыздарға арналған, сәнді, ыңғайлы. Көйлектер де, белдемшелер де, шортылар да болады", - деді Есентаева. Оның сөзіне қарағанда, атаулы бутиктер Астана мен Алматыда ашылады. 

Бұған дейін, Баян Есентаева "КешYou" тобының жаңа құрамын таныстырған болатын. Оның құрамына 18 жастағы Ақбота Сейітмағамбет, 19 жастағы Балжан Бидаш пен оның құрдасы Жұлдыз Өмірғали кірді. Сонымен қатар, Баян Есентаеваның "КешYou" тобы туралы фильм түсіруге ниетті екені хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети