28 желтоқсан 2020 09:30

"Бұлар кім?" Димаш сыналған видео ресейлік танымал әншілерге көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов "Россия" телеарнасындағы "Привет, Андрей!" шоуына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов "Россия" телеарнасындағы "Привет, Андрей!" шоуына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Димаш "Жыл әніне" арналған бағдарлама қонағы болды. Студияда танымал ресейлік әртістер жиналды. Оның ішінде: Валерий Леонтьев, Лев Лещенко, Николай Басков, Игорь Крутой, Григорий Лепс, Сергей Лазарев, Дима Билан, Лолита, Александр Ревва.

Әңгіме барысында Андрей Малахов 2013 жылы 17 жастағы Димашты "Ел Арна" телеарнасындағы "Жанды Дауыс" бағдарламасының әділқазылары сынап тастаған видеоны көрсетті. Бағдарлама қонақтары видеоны көргеннен кейін оған қатысты пікір білдірді. 

"Жалпы, бұлар кім?", - дейді Басков пен Малахов. 

"Дем алу, орныңда тұру, жонглер жасауды білмейтін сыншы қалайша адам, әнші туралы бұлай пікір білдіре алады? Бұл цирк пен балетті мысалға келтіріп, акробаттар мен Цискаридзе, Плисецкаяның өнерін сынағанмен бірдей ғой", - дейді Басков. 

1.13.10 минуттан бастап. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети