Димаш Құдайберген: "Балаларды бай болуға үйретпеңіз" 18 наурыз 2019, 08:47
Танымал әнші Димаш Құдайберген Instagram желісінде өсіп келе жатқан ұрпақты қалай тәрбиелеу керектігіне арналған шағын жазба қалдырды.
Ол Стив Джобстың дәйексөзін келтірді: "Балаларды бай болуға үйретпеңіз. Бақытты болуға үйретіңіз. Олар өскен кезде заттың бағасын емес, құндылығын білетін болады".
"Мен шын мәнінде сіздердің алдарыңызда сахнада тұрғанда қуанамын", - деді орындаушы.

Келесі жазбасында әнші Қазақстанда болатын жеке концертіне билет сатылымы 18 наурызда басталатынын хабарлады. Айта кетейік, концерт 29 маусымда Астанада өтеді.
