16 сәуір 2019 09:17

Еңбек сіңірген қайраткер Жарқын Шәкәрім дүниеден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі музыкатанушы, өнер зерттеушісі Жарқын Шәкәрім дүниеден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісінде естіртті.


Белгілі музыкатанушы, өнер зерттеушісі Жарқын Шәкәрім дүниеден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісінде естіртті.

"Қазақ өнері ауыр қазаға душар болды. 71 жасқа қараған шағында белгілі музыкатанушы, өнер зерттеушісі, ғалым ағамыз Жарқын Шәкәрім дүниеден өтті, қайғылы хабарды естіп қабырғамыз қайысып отыр... Қазақ халқының рухани кемелденуіне үлес қосып, музыка өнерінің халықтық мүддеге сай өркен жаюына еңбек еткен, белгілі күйші, музыкатанушы, әміретанушы, қоғам қайраткері Жарқын ағамыздан айырылып қалдық", - делінген хабарда.

Осыған байланысты министр марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтты.

"Өмір бойы туған халқына, оның рухани саласына қалтқысыз қызмет еткен жомарт жүректі жақсы адамның бұл қазасы қабырғамызды қайыстырып кетті. Біздің бір көңілге медет ететініміз, Жарқын ағаның артында өлмейтұғын мұрасы қалды. Ардақты ағамыз шынында да бәріміз жақсы көрген абзал азамат еді. Ол өзінің барынша адал да таза қалпымен, ақжарқын да жайдары мінезімен жанымызға жақын болды. Нұры пейіште шалқысын. Қазақ руханиятына жасаған адал қызметі ешқашан ұмытылмайды...", - деп көңіл айтты Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Жарқын Жақияұлы Шәкәрім 1947 жылдың 4 мамырында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. 1968 жылы Қарағанды музыкалық училищесін тәмамдаған, ал 1973 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) аяқтаған. 1973 - 1976 жылдары Мәскеудегі Бүкілодатық "Мелодия" фирмасының Алматы күйтабаққа жазу студиясында аға редактор, 1976 - 1980 жылдары "Жалын" баспасында редактор, 1980 - 1982 жылдары Республикалық музыка аспаптары мұражайының директоры, 1982 - 1983 жылдары Қазақ филармониясында күйші-лектор қызметтерін атқарған.

1983 жылдан Қазақ теледидарының музыка бағдарламалары Бас редакциясының редакторы, бөлім меңгерушісі бола жүріп "3амана бұлбұлдары", "Домбыра сазы", "Терме", "Шашау", "Музыкалық киножинама", "Күй-шежіре", "Інжу-маржан", тәрізді хабарларды жарыққа шығарған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети