"Ешкім де бір ғана жалақыға өмір сүрмейді" - Мұхамедиұлы әртістердің қосымша ақша табуы жайлы

28 Желтоқсан 2018, 17:43
0
"Ешкім де бір ғана жалақыға өмір сүрмейді" - Мұхамедиұлы әртістердің қосымша ақша табуы жайлы -

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын өсіруге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы министр Үкіметте өткен брифинг барысында айтты. Онда театр және эстрада әртістерінің жалақысы туралы сөз қозғалды.

"Жасырмай-ақ қояйын, студенттік кезімде 3-курста мемлекеттік симфониялық оркестерде жұмыс істеп жүрдім. Алға қарай ұмтылу керек болды. Таңғы сағат 6-да тұрып, 11-де ұйықтайтынмын. Сенбі, жексенбі демей жұмыс істейтінмін. Әлемдегі барлық музыкант осылай жұмыс істейді. Ешкім де бір ғана жалақыға өмір сүрмейді. Қазіргі уақытта трио, квартеттерде өнер көрсетіп, жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Немесе өзінің коммерциялық спектакльдерін қойып, өнер көрсетуге болады", - деді Мұхамедиұлы ресейлік әртістер Сергей Безруков пен Владимир Машковты мысал келтіре отырып.

"Әрине, мұнда жалақы төмен. Біз бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Бірақ қазіргі уақытта біз кітапхана мен мұрағаттарда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын өсіруіміз қажет. Оларда қосымша табыс табу мүмкіндігі жоқ. Солардың жалақысын өсіру керек. Ал музыкант, актерлер қосымша ақша таба алады. Әрине, біз барлығының да жалақысын өсіргіміз келеді, бірақ бүгінде бірінші кезекте кітапхана мен мұрағаттарда жұмыс істейтіндердің жалақысын өсіру керек", - деді мәдениет және спорт министрі.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай