27 маусым 2016 14:03

Қазақ отбасының суреті Кэмерон Диастың кітабында жарияланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ отбасының суреті мен олардың отбасы туралы мәлімет Голливуд актрисасы Камерон Диастың кітабына енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, кітапты жарыққа шығару 2017 жылдың көктеміне жоспарланып отыр.


Қазақ отбасының суреті мен олардың отбасы туралы мәлімет Голливуд актрисасы Камерон Диастың кітабына енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, кітапты жарыққа шығару 2017 жылдың көктеміне жоспарланып отыр.

Сая Оқастың айтуынша, ол туыстарымен бірге актрисаның 2015 жылдың соңында жариялаған байқауына қатыспақшы болған.

"Бұл былтыр күзде болды. Әдеттегідей туған күнде отбасымызбен бірге суретке түстік. Сіңлілерімнің бірі Кэмерон Диастың шығармашылығын ұнататын. Осыған дейін актриса өзінің сайтында байқаудың шарттарын жазған болатын. Онда ол әр елден анасы мен қыздарының бірге түскен суреттерін жинап жатқанын жазды. Байқаудың шарты бойынша, үздік суреттер оның кітабында жариялануы тиіс. Кэмерон Диас өзінің кітабында әйелдер туралы және сұлулықты қалай сақтау керек екендігін айтады", - дейді Сая.

"Біз байқауға қатысуды шештік. Сайтқа отбасымызмен бірге түскен сурет пен отбасымыз жайлы мәліметті жазып жібердік. Содан мамыр айының басында, Америка Құрама Штаттарындағы Аналар күні, Кэмерон Диас өзінің Instagram парақшасына осы суретті салды. Басында біз жай ойын деп ойладық. (...) Суретте мен анаммен - Гүлжанат Оқасова, анамның тәтесі - Ғалия Ақынова, оның қызы - Айша Сайлаубаева, немересі Ерали мен тағы бір тәтем - Лаура Ақынова", - деп түсіндірді Сая Оқас.

Саяның айтуынша, сурет Instagram желісінде пайда болғалы бері олардың поштасына суреттің актрисаның келесі кітабында жариялатыны туралы хабарлама келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети