"Қазақконцерт" мемлекеттік концерт ұйымының қызметкерлері әлеуметтік желілерде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа айтылған үндеуге қатысты пікір білдірді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақконцерт" мемлекеттік концерт ұйымының қызметкерлері әлеуметтік желілерде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа айтылған үндеуге қатысты пікір білдірді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы елдегі коронавирус індетінің таралмауына байланысты қабылданып жатқан барлық шектеу, алдын алу шараларына түсіністікпен қарайды. Кейбір ақпарат құралдарында Мемлекет басшысының атына жазылған үндеуге қатысты, бұл тұтастай мәдениет саласы өкілдерінің пікірі емес. Біз бұл үндеуді ақпараттық диверсия деп түсінеміз", - дейді ұйым қызметкерлері.
Сондай-ақ, "Қазақконцерт"артистері короновирустың әлемдік пандемиясына байланысты Қазақстанда енгізілген сақтық шаралармен толығымен келісетінін жеткізді.
"Өздеріңіз білетіндей, Қазақконцерт ұжымы– Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Димаш Құдайберген, Мөлдір Әуелбекова және басқа да көптеген өнер жұлдыздары еңбек ететін еліміздегі басты концерттік ұйым. Өнер адамдары - ең алдымен, патриотизм және азаматтық жауапкершілікті толықтай сезінетін ел азаматтары, сондықтан баршамызға ортақ басты міндет - елдегі бейбітшілік пен тыныштықты барынша сақтау. "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы ел азаматтарын әрдайым сабырлы болуға, қиындықты бірге еңсеруге шақырады", - деді ұйымдағылар.
"Сақтанғанды құдай сақтайды". Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады
"Біз тұтастай мемлекет сын сағатында тұрғанда мұндай сипаттағы жазба жариялап, жеке бастың пайдасын елдік мүддеден жоғары қоюды айыптаймыз. Мемлекеттік органдар "барлығын бірге еңсереміз" дептүрлі шаралар қабылдап жатқанда, барша қазақстандықтарды "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып" сындарлы сәттен сүрінбей өтуге үндейміз", - дейді "Қазақконцерт" артистері.
Барлық отандастарымызды тек ресми ақпараттарға құлақ асып, жекелеген азаматтардың жалған әрекеттеріне арандап қалмауға шақырамыз дейді ұйымдағылар.
Президент үндеуінің толық мәтіні жарияланды
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!