Мектеп оқушысы "Орал Аруы - 2021" атанды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазылар алқасы "Орал Аруы - 2021" атағын Екатерина Кужекешоваға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазылар алқасы "Орал Аруы - 2021" атағын Екатерина Кужекешоваға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

17 жасар Екатерина №3 жалпы орта білім беретін мектепте оқиды. Бос уақытында вокалмен айналысқанды және укулеледе ойнағанды ұнатады. Ол фото, видео түсірумен айналысады, сонымен қатар, модель ретінде әртүрлі түсірілімдерге қатысады.

"Менің арманым - алға қойған бар мақсатыма қол жеткізу, қызметте жоғарылау, отбасын құру. Менің анам, әкем, атам және екі ағам бар. Анам әкімші болып жұмыс істейді, әкем Остров театрында ойнайды. Атам - зейнеткер, бұған дейін зауытта ұзақ уақыт жұмыс істеген", - деді жеңімпаз.

Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көрді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.
 
Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Бұған дейін Әйгерім Сухинова "Атырау Аруы" атанса, "Түркістан Аруы" 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова, "Ақтөбе Аруы" Назерке Карманова,"Павлодар Аруы" Айдана Жұмабекова болған еді.

Күн сайын Tengrinews.kz сайтында байқау нәтижелері жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro