19 мамыр 2017 19:16

Президент жанұямды қабылдады, Асек оның алдында өлең оқыды - Асанәлі Әшімов

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Назерке Сланбек © Назерке Сланбек

"Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алған Асанәлі Әшімовті алматылық зиялы қауым өкілдері мен Әуезов театрының әртістері сән-салтанатпен қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алған Асанәлі Әшімовті алматылық зиялы қауым өкілдері мен Әуезов театрының әртістері сән-салтанатпен қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, күні кеше ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өнер қайраткерін арнайы Ақордаға шақырып, "Алтын жұлдыз" белгісін табыс еткен болатын.

"Адам жақсылыққа тоя ма, жақсылықтың аты жақсылық. Рақмет, үкіметке рақмет. Достарыма рақмет, құттықтап жатқан, қуанып жатқан. Соған мен де қуанып жатырмын. Қуаныштың аты қуаныш әр кезде, халыққа қуаныш әкелу керек, ол - біздің міндетіміз. Өнер адамдары әр уақытта халықтың алдында. Сондықтан мен барлығына рақмет айтамын. Елбасына рақмет айтамын, өз қолымен тапсырып, құттықтап, рақметін айтып жатқан. Кішкентай ғана жақсылық - адамға өмір сыйлайды. Президент жанұямды қабылдады, Асек (ұлы - Авт.) оның алдында өлең оқыды. Ұлыма Елбасы автоқаламын сыйлады. Рақмет", - деп қуанышын бөлісті 80 жас мерейтойын тойлап отырған актер.

Өз кезегінде қарсы алушылардың бірі болған ізбасар буын актері Азамат Сатыбалды "Елбасының Асанәлі Әшімовке берген жоғары бағасы - қазақ өнеріне берген бағасы" екенін айтып өтті. "Осы құрметі үшін Елбасыға алғыс айтамын. Асанәлі ағамды шын жүрегіммен құттықтаймын", - деді Азамат Сатыбалды. 

Қарсы алғандардың ішінде Есмұхан Обаев, Нүкетай Мүшбаева, Елік Нұрсұлтан, Назгүл Қарабалина, Азамат Сатыбалды және театр әртістері болды.


© Назерке Сланбек

Биыл көрнекті театр және кино актері, режиссер, өнер қайраткері, ұлағатты ұстаз, Қазақстан және КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Халықаралық фестивальдердің бірнеше мәрте жүлдегері, "Отан" орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Театрлар Ассоциациясының төрағасы, ұлттық сахна өнерінің өркендеуіне мол тәжірибесі, абырой-беделімен елеулі үлес қосқан Асанәлі Әшімов 80 жасқа толып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети