Талғат Теменов "Алтын Адам - Жыл адамы" 2017 марапатына ие болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Kapital.kz © Kapital.kz

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында "Алтын адам" ("Жыл адамы") Мемлекеттік премиясының марапаттау рәсімі болып өтті.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында "Алтын адам" ("Жыл адамы") Мемлекеттік премиясының марапаттау рәсімі болып өтті.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері,  профессор, театр және кино режиссері Талғат Теменов "Мәдениет қайраткері" аталымы бойынша "Алтын адам" құрметті атағына лайық деп танылды.

Талғат Теменовтің "Адамдар арасындағы бөлтірік" атты толық метражды көркем фильмі Майндағы Франкфурт қаласында өткен 15 халықаралық кинофестивальдың Гран-при, Италияда "Күміс аю" жүлдесіне және Португалияда өткен Халықаралық кинофестивалінің арнайы жүлдесіне ие болған. Талғат Теменовтің өз сценарийі бойынша қойған көркем фильмдері қатарында "Шаңырақ", "Қайдасың сен, Чапай?", "Торо", "Адамдар арасыңдағы бөлтірік", "Қызғыш құс", "Махаббат бекеті" болса, "Алма бағы", "Көгілдір такси" (С.Сматаевпен бірігіп), "Аққудың көз жасы" сынды пьесалар жазған. Тарихи тақырыпқа қойылған "Көшпенділер" фильміне режиссер ретінде қатысқан  Талғат Досымғалиұлы оқырман көпшілікке жазушы ретінде де таныс. Ол "Қайырлы таң" және "Гүлназ", "Ой жасын" атты повестер мен әңгімелер жинағының авторы.

2017 жылы режиссер Ш.Айтматовтың "Қызыл орамалды шынарым" спектакін сахналады. "Біздің қаланың кішкентай ханзадасы" кинокартинасы прокатқа шығып, Ялтада, Казаньда өткен Халықаралық кинофестивальге шақырту алды.

"Алтын адам" ("Жыл адамы") фестивалі - "Жыл таңдауы" халықаралық мәртебеге ие және ТМД мемлекеттерінен 5 елде: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Белоруссияда өтеді.

"Алтын адам" ұлттық жобасы саясаттан аулақ әрі тәуелсіз жоба болып саналады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.69  course up  612.05  course up  6.75  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer