Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 323.13
EUR / KZT - 367.08
CNY / KZT - 47.53
RUB / KZT - 5.43

Украина "хит" болды!

27 Қаңтар 2014, 14:20
0

Себебі Ресейдің империалық шовинистік басым саясаты айналасының бәрін түтіп жеп барады. Ресей қашан күшті болып еді?! Оның өндірген сапасыз және қымбат тауарын айналасындағы аңқау халықтар көптеп тұтынған кезде ғана. Ғасырлар бойы солай болған және осы саясаттан басыбүтін бас тартуға Ресейдің еш құлқы жоқ. "Кедендік одақ" құрудың төңірегінде шабылып жүріп, көрші Украинаны бүгінгі жағдайға бірнеше жыл дайындады, ақыры дегені болды. Украина экономикалық жоба ретінде 2014 жылы толыққанды БАНКРОТҚА ұшырауға тиіс болатын! Экономикасының бәрі шынымен де бұрынғы КСРО-ға (Ресейге дей беріңіз) негізделген украин елі билікке Янукович келгелі статус-квоны өзгертуге еш қадам жасаған жоқ! Яғни ұлттың элитасы халқын сатып берді! Украин халқы өзін осы тығырықтан шығаратын, орыстан құтқаратын Еуропалық одақ (ЕО) деп есептейді, соларға қарап мадақ айтып, таңның атысы, күннің батысы "әлдекімнің қолтығына кіреміз" деп асығуда. Бірақ менің жеке пікірім дәл бүгінгі 50 млн оқыған, тоқыған, еңбекқор, көзі ашық халқы бар Украина ЕО үшін тым үлкен ел. Ондай алпауытты дағдарыстан көз ашпай отырған ЕО жұта алмайды және жұтуға құлқы да жоқ. Сол себепті украин халқына ЕО батыл қадам, шынайы ұсыныс, тиімді жоба ұсынуға асықпайды. Олар кикілжіңнің аяғын күтеді. Ал кикілжіңнің аяғы қандай болуы мүмкін?! Ары дегенде азаматтық соғыс және елдің екіге не болмаса үшке бөлінуі, ал ең бері дегенде елдің уақытша ортақ консенсуске келіп, қазанның бетін біршама уақытқа жауып қоюы мүмкін. Бірақ проблеманың уақытша шешілгені Ресейге тиімсіз, Ресей Украинаның тезірек құлдырағанын күтіп отыр және сол үшін бәрін жасауға дайын. Сол себепті "берем" деп отырған 10 млрд доллары үшін Януковичке түрлі-түрлі талаптар қоюда. Ал Батыс болса, қайта-қайта "Тиіспеңдер! Өздері біледі!" деп жекіп қалуда. ЕО отқа май құйғандай біржақты шешімнен аулақ, олар да соғыс күтіп отыр. Осы теорияны қолдағандай екі күн бұрын Янукович барша әлем қауымдастығына "бізге батыстан да, шығыстан да саяси ықпал етуді доғарыңдар" деген мәтінде хат жолдады (бәлкім әскери патриоттардың қысымымен болса керек). Яғни провокацияның екі жақтан да бар екендігін мойындап отыр. Енді кеше келіп Янукович оппозицияны келіссөзге шақырып, оларға әртүрлі қызметтер ұсынып көрді. Бірақ бұның да қате шешім екендігі ақиқат. Мұндай қадам тек өз беделін ғана түсіреді (бәлкім Ресей агенттерінің ықпалымен болса керек).  Яғни дәл бүгінгі жағдайда елдің элитасы және саяси күштері айға қарап отырып, "елді бөлуден басқа амал жоқ!" дегенге келтіріп отыр. Бүкіл әлемдік БАҚ-тың жазғаны да, көздегені де осы, Украинаны екіге бөлу. Бұл процесс  Ресей жағынан да, ЕО жағынан да қатты байқалады. Украина бөлінсе не болмақ?! Ол бөлінсе бәріне тиімді болмақ. Елдің батыс жағы экономикалық тұрғыдан әлсіз және халқы аз, екінші Молдова болады да ЕО-қа кіреді. Шығыс жағы экономикалық тұрғыдан қуатты, халқы басым және орыс тілді... Олар түбі Ресейге бірікпек, алғашында Белорусь секілді 10-20 жыл жеке тұра-тұрады. Ал Қырым, Одесса, Херсон секілді аймақ буфер болып, өзіне басқа статустар іздей бастайды (Себебі Ресей де, ЕО-та, АҚШ та бұл қара теңіз порттарын оңайлықпен бір-біріне бере қоймас). Бұл жағдайда бәрі ұтады да, тек Украина ұтылады, халқы ұтылады. Егер өзгелер үшін бәрі ойдағыдай аяқталып, Украина бір оқсыз өзі іштен тынып, өзгенің аяғына жығылып, тоз-тозы шықса, әлгі үш алпауыт шапалақ ұрып келесі "аңқауды" жұтуға икемделе бастайды.


Бұл ретте біздің тілегіміз біреу ғана, Украинада билікке патриот азаматтар келсін, елдің тұтастығын сақтап қалсын, Құдай халқына сабыр берсін, сатқындары елден безіп күнәсінің қаһарына ұшырасын. Ал біз сабақ алайық! Бұған дейін бұл сценарий Сирияда өз жемісін берген болатын. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай