Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 327.63
EUR / KZT - 365.73
CNY / KZT - 47.96
RUB / KZT - 5.48

"Ағатай, мыналар да қазақтар ма ?.."

04 Ақпан 2014, 12:10
2

СЕРЖАННЫҢ МҰҢЫ

 1998-ШІ ЖЫЛ. Үрімші- Алматы поезында бір топ журналист елге қайтып келе жатырмыз. Қапырық купеден қашып шығып, сыртқа көз салып тұрғанмын. Қытай жағының алты сағаттық тексеруінен соң, купе шіркін моншадан бетер болып кетеді екен. Қазақстанның шекарасына ене бере поезд ішіндегі радио Розаның орындауында "Атамекен" әнін беріп жатты. Манадан бере байқамаған екенмін, жанымда тоғыз -он жастағы ер бала көз жасын сүртіп тұр . Таныстық. Әке- шешесімен Қазақстанға қонаққа келе жатыр. Алтайдың қазағы. Реті келсе баланы елде қалдырып, өздері артынан көшіп келмек. Тіл ауызым тасқа, бала енді жанып тұр. Сұрамағаны жоқ. Алматы, Астана, қазақтың белгілі ақын жазушылары...қойшы білгенімше жауап беріп жатырмын. Өзі өлең жазады екен. Оны да оқып жіберді. Арқасынан қағып, мақтап қойдым. Поезымыз "Достыққа" жеткенде ғана купелерiмiзге тарастық. Жайғасып үлгергенім сол еді, манағы бала есіктен мойнын созды. Көзі шарасынан шығып, әзер сөйлеп тұр. 

 -Ағатай, ана жақта біреулер әке -шешемдi қорқытып жатыр. Көмектесіңізшi. Сөздерін түсінбейміз...
 Қалай шыдап тұрасың мұндайда. Қасымда қазақ журналистикасының ығай- сығайлары келе жатса..."Егемен","Жас Алаш", "Хабар"...Үдере көтеріліп көрші купеге барсақ, бір топ кеденшілер баланың әке шешесін ортаға алып, шынымен де тонайтындай болып тұр. Айтатындары "анау жоқ", "мынау жоқ"...Қысқасы ақша дәметеді. Және де әдейі орысша сөйлейді. Қызметтік куәлігімізді көрген соң жөндеріне кетті. Қасқырдан кұтылған қояндай бүрісіп отырған баланың бірінші сөзі былай болды. 
 -АҒАТАЙ, МЫНАЛАР ДА ҚАЗАҚТАР МА?
 
 2013-ШІ ЖЫЛ. Бізде Сержан деген жігіт жұмыс істейді. Қытайдан келген қандас. Бір күні жұмысқа келсем басы салбырап, көңілсіз отыр. Не болды дейміз ғой баяғы. 
 -Үйсіз жүрген соң, тиындап қор жинап едім біраз...Соны мына "Думаннан" жер алып берем деген соң біреуге ұстата қойып ем...Алаяқ болып шығып...
 Арғы жағы айтпаса да түсінікті. Енді оның соңын табу қиын. 
 -Енді тиісті жерлерге хабарламадың ба?
 -Одан да түк шықпады. Қолхат жалған. Өзі зым- зия жоқ...Әй, бәрі құрысыншы, бас аман болсын. АҒА, МЕН АТАЖҰРТТАН ЕШТЕҢЕНІ АЯП ЖАТҚАН ЖОҚПЫН.97-ДЕ ШЕКАРАДАН ӨТКЕНДЕ ШЕКАРАШЫҒА 200 ТЕҢГЕ БЕРІП ЕДІМ. СОДАН БЕРI ТЕК ҚАНА БЕРІП КЕЛЕМІН. БЕРЕ БЕРЕТІН ШЫҒАРМЫН...
 
 ... Сол Сержан кеше мен кіріп барғанда жазып отырған қағазын тыға қойды. Құпиясын ашып қайтейін...Мән бермегенсіп, кетуге айналғанымда өзі көрсетті. Ұялып тұр. 
 -Аға, "кодировка" дегендi тез жасау керек екен. Кириллицамен жазуға қатты қиналамын. Содан, үйренген "төтеше" жазумен жазғаным ғой...-деп араб қарпімен жазылған қағазын көрсетіп жатыр...
 
 ТҮЙІН
 Қандастарын елге шақырған әлемдегі үш елдің біріміз деп мақтанамыз. Ал, оларды өркениетті жолмен қарсы алып жатырмыз ба? Үйіп- төгіп жақсылық жасап жатқанымыз шамалы. Ең болмағанда, елге сіңісіп кету жағын ойластыру қажет-ақ. Германия да, Израиль де сырттан келген отандастарын алдымен бейімдеу (адаптация) орталықтарына жинайды. Тілді де, әріпті де, заңды да сол жерде үйретеді. Біз ше? Қашанғы орысшамен қорқытып, кириллицамен қинай береміз?

Нравится
Поделиться
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай