Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

Қартайғанда "қылық" шығарып жатырмын...

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ Қартайғанда "қылық" шығарып жатырмын... ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

 Қартайғанда «қылық» шығарыпты дей ме мұндайда... Әйтеуір, осы дүйсенбіден бастап көлік жүргізуді үйрететін курсқа барып жатырмын. Кеше бірінші сабағына қатысып, үйге шаршап келсем, келіншегім қоймайды: «Не үйрендіңдер, не оқыдыңдар?» деп...

– Бүгін «А» деген әріпті өттік... Үйге соны үш қатар қып әдемілеп жазып келіңдер деген тапсырма берді, – деп құтылдым.

Шынында көлік жүргізудің алғашқы әліппесін өтіп жатырмын. Бұрын білмейді екенмін, машинаның төрт дөңгелегі, бір рулі, ең кемі екі есігі болады екен ғой. Баяғыда студент кезімде «Москвичі» бар ағамның соңынан «Көлік жүргізуді үйретіңізші» деп, қалмай қойғанмын. Бір барсам, капотын ашып, моторына төніп, көлігінің бір жерін жөндеп жатыр екен. «Әй, айналайын, машинаның тормозын басып жіберші» деді бір кезде. Рульде отырған мен тесіктен басымды қылтитып: «Сонда қай педальды басайын?..» дегенмін ғой. «Ой, әкеңнің сенің... Құры бар, сенен шопыр шықпайды...» деп, ағам қуып шыққан. Содан кейін бетім қайтып қалды ма, осы жасқа дейін көлік айдауға еш қызықпаппын. Тіпті жап-жаңа қызметтік көлік те міндім. Құдай өзі қызықтырмаған соң қиын екен ғой... Бір мәрте де шопырға «Ары отыршы...» деп, соның руліне отырып көрмеппін. Енді Алла ақырын берсін...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.




Join Telegram