Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

"ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНАҒА" қалай қол жеткізуге болады?

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ "ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНАҒА" қалай қол жеткізуге болады? ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Құрметті, «Алаш айнасы» интернет басылымының оқырмандары!
Бүгін сайтымыздағы «ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНАҒА" қалай қол жеткізуге болады?» атты «Алаштың интернет - мәслихаты» өз мәресіне жетті.
Осы мәслихат аясында желідегі жұртшылықтың сұрақтарына «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» Басқарма төрағасы Болат Әбілқасымұлы Палымбетов толығымен жауап берді. Осы мәслихат аясында баспана мәселесіне қатысты қоғамдағы өзекті жайттар жан-жақты талқыланды. Оқырман мен мемлекеттік деңгейдегі лауазымды тұлға арасындағы әңгімені толығымен төмендегі «пікірлерді оқу» түймесін басу арқылы таныса аласыздар!

Оқырмандардың көкейінде жүрген сауалдарға тұщымды жауап берген «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» Басқарма төрағасы Болат Әбілқасымұлы Палымбетов мырзаға редакцияның һәм оқырмандардың атынан алғысымызды білдіреміз.

Құрметті, Болат Палымбетов мырза! Біздің басылым Сізге де зор ризашылығын білдіреді. Сізге, қызметте табыс, өмірде өрлеу тілейміз! Мемлекеттік деңгейдегі лауазымды тұлға мен қарапайым оқырмандар арасындағы осы жарасымды байланыс әлі де жалғасын табады деген ойдамыз.

«Алаштың интернет - мәслихаты» айдарын ашудағы басты мақсат – қоғамдағы өзекті мәселеге қатысты азаматтар тарапынан туындайтын сауалдарға лауазымды тұлғалардың, шенеуніктердің жауабын жедел ұйымдастыру.

"Алаш айнасы" арқылы жолданған сауалдар мен жауаптарды осы сілтеме арқылы оқи аласыздар!




Join Telegram