Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

Путинмен кездесе алмай жүрмін...

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ Путинмен кездесе алмай жүрмін... ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • АВТОР
  • Дәурен Бабамұрат Республикалық "Болашақ" жастар қозғалысының лидері, саясаттанушы
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

 Путинмен кездесе алмай жүрмін, егерде жүздесе қалсам, ол кісіге бірер сұрақ қояр едім. Өйткені, менің Ресейдің ішкі һәм сыртқы саясатына байланысты жеке көзқарасым бар. Сол туралы сізбен бөлісе отырайын, оқырман. 

Мәселен күні кеше Ресей Украинаға 4 млрд. доллар қаржы берді, бәрі дұрыс болса осы жылдың ішінде тағы 11 млрд. доллар беруі керек. Ағайынды украин халқына, жағдайы "тым жақсы" орыс халқынан аздаған көмек бұл. Оның үстіне қазір Ресей жер бетіндегі ең қымбат Олимпиаданы өткізуге шапшаң дайындық үстінде. "Ең қымбат" деп айтатын себебіміз ресми ақпарат бойынша олимпиаданың тікелей ойын өтетін нысандарына жұмсалған қаржы 10 млрд. доллардың төңірегінде, ал Навальныйдың (Ресей оппозиционері) ашық ақпараттан алынған зерттеулеріне сүйенсек жалпы олимпиадаға (жолы, көпірі, құбыры дегендей) 50 млрд. доллардың шамасында қаржы жұмсалған. Тағы бұған өткен жылы Беларуське көрсетілген көмекті қосыңыз, ол жерде қателеспесем 500 млн. доллардан бірнеше миллиардқа дейін бар. Бұның алдында Ресей тарапынан соңғы бірнеше жылда Кубаға, Вьетнамға, Африканың бірқатар елдеріне кешірілген орасан қаржы бар. Путин мырзаның соңғы жылдары жасаған осы мәрттігіне қарап өз басым таңқаламын, тіптен Ресейдің өз ішінде жағдай өте жақсы шығар деген ойға шомамын.  
Бірақ, бірақ жағдай Ресейдің ішкі жағында біз ойлағандай мәз емес секілді. Айталық халықаралық зерттеу ұйымдарының пайымдауынша 2013 жылы Ресейде ішкі жалпы өнім (ВВП) тек 1,3 пайызға ғана өскен! (дәл қазіргі Ресейдің жағдайында бұл катастрофамен тең). Біршама аналитиктер бұл көрсеткіштің өзі қатты асырып айтылған деген пікірде. Бұл дегеніміз не? Бұл дегеніміз Ресейдің ішіндегі экономикалық жағдай ҮЛКЕН НӨЛ деген сөз! 1,3 пайыз өсімді тек Сочи олимпиадасының төңірегіндегі құрылыстың өзі ғана беріп қою керек еді. Оның үстіне соңғы жылы Ресейде газ өнімі 2,3 пайызға артқан (Ресейдің негізгі кіріс көзі). Дәл қазір Ресейдің түкпір-түкпірінде ішерге ас, киерге киім таппай отырған халық қаншама, бұл жағдай бүгінгі күні мұнай мен ағашқа бай Башқұртстанда, Сочидің дәл түбіндегі Қабарда-Малқар автономияларында қатты байқалуда. Жемқорлық көрсеткіштері бойынша Ресей Африка елдерін әлдеқашан басып өзған (әйтпесе халқы жарты миллионға да жетпейтін Сочи 3 жылда 50 млрд. ақшаны игеріп тастады дегенге кім сенеді?!). Әрине Ресейде жағдайы тәп-тәуір аймақтарда бар, дегенімен. 
Ел ішіндегі экономикалық, ең бастысы әлеуметтік мәселелер өз шешімін таппай тұрып, өз-өзін тіпті 20 пайыз етпен және сүтпен қамтамасыз ете алмай отырып, Путинннің сыртқа ақша таратқаны менің бойымда түсінбеушілік тудырады. Ол ол ма, бұл кісінің тоқтамай "Кедендік одақ" құруға ұмтылысы, империялық амбициясын айдаһар секілді айналасына шашуы тіпті қызық. Путиннің Сирия, Балқан елдері және тағы басқа халықаралық саясатқа қайта-қайта бас сұғуын немен түсіндіресіз? Түгел Сібірді қорғамақ түгілі, бүгін-ертең тастап қашуға дайын тұрған халқына неге жағдай жасамайды?! Бұл сұрақтарға меніңше тек қана Путиннің өзі ғана жауап бере алады. Әрине, біз біреудің ішкі саясатына кірігуден аулақпыз (оларға қарағанда), тіптен өз білгендерін өздері жесін, бізді қатты алаңдататыны тек кедендік одақ:  Ресей өзі кетіп бара жатқан құрдымға бізді де тартып әкетпесе болғаны. Бүгінгі таңда Сирия синдромы да әлемдік саясаттың бір жылымына айналып үлгерді. Мамандардың айтуынша, Украиндағы жағдай дәл осы "Сирия сценарийімен" келе жатыр. Ойлантатын мәселе...
Вообщем, Путин мырзамен жақсы бір әңгіме бар еді. Қалай кездессем екен, ә!     



Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады