Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Донбасс аймағында айрықша режим енгізілуі мүмкін - Порошенко

10 Қыркүйек 2014, 15:11
0

Донбаста айрықша режим енгізілуі мүмкін. Украина президенті Петр Порошенко Донецк және Луганск облыстарында ерекше тәртіп енгізілу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы ол 10 қыркүйек күні министрлер кабинетінің отырысын ашқан кезде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Украинадағы Үкімет үйінен.

"Мен жуық арада антитеррорлық операциялар өткізу аумағында айрықша режим енгізетінімізді жоққа шығармаймын", - деді украин президенті. Оның ерекше режим деп нені меңзегені әзірше белгісіз, ол туралы үкімет отырысының жабық жағдайда өтетін екінші бөлігінде талқыланады. Донецк және Луганск облыстарының ерекше мәртебесі туралы заң жобасы келесі аптада Жоғарғы Раданың қарауына енгізіледі.

Порошенко Минскідегі хаттамадан соң Донбастағы ахуалдың түпкілікті өзгергенін айтты. "5 қыркүйекке дейін маған шығыстағы ахуал туралы баяндаған кезде жүрегім қысылатын. Украина халқы бейбітшілікті қалайды. Қазір Украинаның тәуелсіздігі үшін соғыс жүріп жатыр, хаттамада федерализация туралы айтылмайды. Луганск және Лонецк облыстары Украинаның бір бөлігі болған және солай қала береді", - деді Порошенко.

Еске сала кетейік, Украинадағы дағдарысты реттеу жөніндегі қарым-қатынас тобының Минскіде 5 қыркүйекте өткен кездесуі шеңберінде Киев билігі мен Донбастағы халық жасақтары атысты тоқтатуға келіскен еді. Келісім сол күні Мәскеу уақыты бойынша 19.00-де күшіне енді. Сондай-ақ Украинада Донецк және Луганск облыстарының ерекше мәртебесі туралы заң қабылдау және кезектен тыс сайлау өткізу туралы уағдаластықтарға қол қойылды.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай