15 тамыз 2014 11:42

Қытайдың "Суық су" бағдарламасы бізге қауіп пе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасының иллюстрациясы ©Алаш айнасының иллюстрациясы

Кешелі бері көршілес Қытай Халық Республикасы бұдан былай «Суық су» бағдарламасы аясында одан әрі тереңдеп, бағдарламаны арнайы бағыт-бағытқа бөліп жұмыс істейтіндіктерін мәлім етті. Бұл туралы Қытай елінің төрағасы Си Цзиньпин өкіметіне арнайы тапсырмалар беріп, ауызсу мәселесіне келешекте айрықша мән берілетінін қадап айтты. Ал бұл ретте "Алаш айнасына" пікір білдірген отандық мамандарымыздың біразы «Қытайдың «Суық су» бағдарламасы бізді ойлантуы тиіс» деп отыр. Ендеше талқылап көрелік...


Кешелі бері көршілес Қытай Халық Республикасы бұдан былай «Суық су» бағдарламасы аясында одан әрі тереңдеп, бағдарламаны арнайы бағыт-бағытқа бөліп жұмыс істейтіндіктерін мәлім етті. Бұл туралы Қытай елінің төрағасы Си Цзиньпин өкіметіне арнайы тапсырмалар беріп, ауызсу мәселесіне келешекте айрықша мән берілетінін қадап айтты. Ал бұл ретте "Алаш айнасына" пікір білдірген отандық мамандарымыздың біразы «Қытайдың «Суық су» бағдарламасы бізді ойлантуы тиіс» деп отыр. Ендеше талқылап көрелік...

Ертістің суы неге азайды?

Жалпы, ауызсу мәселесін сөз еткенде біз алдымен Қазақ елінің көршілес елдермен қарым-қатынасына айрықша мән бергеніміз абзал. Айталық, еліміздің Орал өңіріне су көзі Ресейден келсе, Арал өңіріне тек Сырдариядан ғана енеді. Бізге қазір бұл мәселеде өзбектердің қас-қабағын бағуға тура келіп тұр. Бүгінде Ертістің суы да тым азайып кетті. Бұған қатысты мамандар «оның себебі Қытай елі қазірде «Суық су» бағдарламасы бойынша жұмыс істеуде. Осы бағдарламаны одан әрі тереңдету арқылы Қытай өкіметі халқын жаппай таза сумен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Олардың халық саны ірі мөлшерде болғандықтан, Қытайда егін шаруашылығы, түрлі өндіріс орындары көбейе түсетіні мәлім. Демек, бұл үрдіс болашақта Ертіс суының одан әрі азая түсетінін көрсетеді. Сондықтан Қытайдың «Суық су» бағдарламасын тереңдеуінен, оны толықтыруынан біз қауіптенуіміз керек» дейді.

Ғазиза Түсіпбаева, гидрогеолог маман:

- Елімізде су мәселесін шешу үшін жерасты суларының көздерін тауып, оны тиімді игерудің жолдарын қарастыру қажет. Бұл мәселеде әрине ғалымдардың зерттеулеріне де назар аудару керек. Мысалы, еліміздің Гидрогеология және геоэкология институтының ғалымдары 2009 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы су тапшылығын ескере отырып, бір үлкен істі зерттеуге кірісіп кетті. Зерттеулердің нәтижесінде Қызылорда облысында 420-450 метрлік тереңдікте жерасты сулары бар екеніне ғалымдар көз жеткізді. Аталмыш зерттеу жұмыстары еліміз бойынша тұңғыш рет жасалып тұр. Білесіз, бұған дейін Қызылорда облысы Сырдың суын ішіп отырды. Ал Сырдың суының лас екені, оның бүкіл Азиялық аумақты аралап барып Қызылордаға енетіні бізге белгілі. Ол судың ішінде қоқыс қалдықтары да, бактериялық заттар да бар екені белгілі. Бір ауыз сөзбен айтқанда бұл адамның ағзасына орасан зиян келтіретін улы су. Халық су орнына у ішіп отыр. Сол тәрізді қазірде Ертістің халық тұтынатын тұщы су қоры да күрт азайған. Қазақстан және Ресей мемлекеттері трансшекаралық өзендерді қорғап, пайдалану жөніндегі Хельсинки конвенциясын мойындап, қол қоюды Қытайдан өтініп, әртүрлі деңгейде келіссөздер жүргізгенмен, Қытай осы уақытқа дейін келісе қойған жоқ. Ал біздің білетініміз, нарықтық түрлі қатынастар орнаған жағдайда Ертістің еңсесін көтеру қиын болады. Көршілес елдермен жағдай ушықпасын. Оның бетін әрі қылсын. Егер мұндай жағдай болса бізге Ертістің суын тұтыну қиын болады. Сондықтан бізге ауызсу мәселесіне қатысты бейқамдықтан арылып, трансшекаралық аймақтардағы өзендер мәселесін бақылауды қолға алған абзал. Ғылыми жаңалықтарға мән беріп, жер асты суларын сауатты пайлануға бейімделгеніміз жөн. Ғалымдардың зерттеулері «су шықпайды» деген елді мекеннің өзін сумен қамтамасыз етуге болатынын дәлелдеп отыр. Сондықтан өз басым «қандайда бір реформалық бағдарламаға ғалымдардың ұсыныс-тілектері енгізілуі керек» деп ойлаймын.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети