Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Либерияда медбикелер Эбола безгегіне байланысты ереуілге шықты

02 Қыркүйек 2014, 09:59
0

Либерияда медбикелер Эбола безгегіне қарсы қорғанысты күшейту және жалақыларын көтеру үшін ереуілге шығып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

Монровия госпиталінде ереуілге шығып жатқандардың өкілі Джон Тугбех оларға қорғаныс құралдарын бермегенше, медбикелер жұмысқа шықпайтынын айтты. "Эбола безгегі тарап бастағаннан бері бізде қорғаныс құралдары болмады. Сондықтан да көптеген дәрігерлер вирусты жұқтырып алды. Бізге жеке қорғаныс құралдарын бермегенше, біз үйде отырамыз", - дейді Тугбех.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша Батыс Африкада Эбола безгегінен мыңнан астам адам қайтыс болды. Ал әлемде бұл безгекті жұқтырғандардың саны 1800 адамға жетті. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Эбола безгегіне халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай жариялап, барлық инвесторларға ауруды таратпау үшін шекарадан шықпау туралы кеңес берді. 

Эбола қанды безгегі - осы инфекцияны жұқтырған адамның қаны немесе іріңі, сондай-ақ ауру адам ұстаған заттар арқылы тікелей таралатын қауіпті індет. Безгекке қарсы тұратын дәлелденген вакцина әлі жоқ. Дегенмен Эболаға қарсы америкалық тәжірибелік дәрі маймылға жасалған сынақтан сәтті өтті. 

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай