21 тамыз 2014 | 17:26

Тегіңді қашан қазақыландырасың, бауырым?!

ПОДЕЛИТЬСЯ

©voxpopuli.kz фото ©voxpopuli.kz фото

Қазақтың тегі қалай жазылуы керек? Шынын айтқанда, осы мәселемен басын ауыртып жүрген қаракөздер аз. Қаншама айтылып, жазылып жүргенімен, ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын осы бір мәселеге қандастарымыз жете назар аудармай-ақ келеді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақтың тегі қалай жазылуы керек? Шынын айтқанда, осы мәселемен басын ауыртып жүрген қаракөздер аз. Қаншама айтылып, жазылып жүргенімен, ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын осы бір мәселеге қандастарымыз жете назар аудармай-ақ келеді.

Елбасы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ, яғни 1996 жылдың 2 сәуірінде «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді бекіту тәртібі туралы» Жарлығын шығарды. Кеуделерінде намысы бар қазақтар аты-жөндерін сол кездері-ақ ұлттық ерекшелігіміз бойынша өзгертіп алды. Ал көпшілігіміз әлі сол орысша бұрмаланған тегімізбен жүрміз. Елбасы әділет департаменттеріне нақты тапсырма беріп, оның орындалуын талап етпесе, өздігінен насихат жүргізейін деп жатқан құзырлы органдар көрінбейді. Мысалы, осы жолдардың авторы бұдан біраз уақыт бұрын аталмыш мәселемен облыстық әділет департаментінің АХАТ бөліміне барғанда, ондағы қызметкерлердің бірі құжатын өзгерткен адам болашақта зейнетке рәсімделгенде және тағы басқа да жағдайларда үлкен «проблемаға» тап болатынын айтып, кері қайырып жіберді. Олардың осылайша тағы қанша адамды «райынан қайтарғанын» кім білсін?..Осы мақаланы жазбас бұрын, біраз адаммен сұхбаттасып көргем, олардың көбі мұндай Жарлықтың бар екендігінен хабарсыз болып шықты. Осы әңгімеден кейін тегі орысша бұрмаланып кеткен бірқатар адам құжаттарын қазақшалауға қызығушылық танытты. Өкінішке орай, олар осы мәселемен қайда бару керектігін, кімге жолығатындарын білмейді екен. Құжатты ұлттық дәстүрге байланысты өзгерту мәселесімен облыстық ІІД Көші- қон полициясы басқармасының қызметкерлері айналысады.

Былтыр 2487 адам тегін өзгертіпті

ІІД көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Меңдіқыз Отарова мен аталмыш басқарманың халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімшесінің басшысы Әлия Мәмбетова бізді ең алдымен азаматтардың тегін ұлттық дәстүрге сай өзгерту жөніндегі Елбасының 1996 жылғы 2 сәуірінде шыққан Жарлығымен таныстырды.

— Тегін ұлттық дәстүр бойынша көбінесе жастар өзгертуде,— дейді Әлия Құрманғазықызы.— Олардың көбісі 16 жасқа келіп, алғаш рет төлқұжат алғанда тегін қазақы дәстүрде жазғызып алады. Олардың бірқатары фамилиясының орнына әкесінің атына ұлы, қызы дегенді қосып жаздырса, енді бір бөлігі тегінің негізгі бөлігіне ешқандай жалғау қоспайды. Мысалы, Арман Мұрат деген сияқты. Тегін қазақыландыру уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Тек өткен жылдың өзінде барлық санат бойынша тегін өзгерткендердің саны 2487-ні құрады. Ал, биылғы алты айда 610 адам тегін ұлттық дәстүрге сай өзгертті. Бір ескерте кететін жәйт, біз құжатты облыстық Әділет департаментінің АХАТ және апостиль қою қызметін ұйымдастыру бөлімінің анықтамалық деректеріне сүйене отырып, жаңғыртамыз. Мысалы, құжатта Мулдир Муратовна Джумабаева деп көрсетілген болса, біз оны жоғарыдағы Елбасының Жарлығына сүйене отырып, Мөлдір Мұратқызы Жұмабай деп ұлттық ерекшелігімізге сәйкес өзгертіп бере аламыз. Ал егер Мөлдір құжатынан фамилиясын алып тастап, тек әкесі мен өзінің атын ешқандай жалғаусыз қалдыруды өтінсе, мысалы, төлқұжатын «Мөлдір Мұрат» деп алғысы келсе, онда оған АХАТ қызметіне жүгінуге тура келеді. Себебі бұл ретте Мөлдір құжатын тек ұлттық дәстүрге сәйкес өзгертіп қана қоймайды, сонымен қатар ол өзінің Жұмабаева деген фамилия-сын мүлдем алып тастап, тегін «Мұрат» деп жаңартып жазуды өтініп тұр. Мұндай жағдайда азаматтар АХАТ бөліміне барып жолығулары тиіс.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети