01 қазан 2014 17:19

Украинадағы соғыс: Мектептегі жарылыстан төрт адам мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Youtube.com-дегі видеоның стоп кадры. Youtube.com-дегі видеоның стоп кадры.

Украинадағы соғыс кезінде Донецкідегі мектептің ғимаратында болған төрт адам қайтыс болды, олар , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Донецк облыстық мемлекеттік әкімшілігі сайтына сілтеме жасап. 30 қыркүйек күні қаладағы атыс кезінде барлығы он адам қайтыс болған. БҰҰ-ның мәліметінше, Украинадағы соғыс осымен 3,5 мың адамның өмірін қиып отыр.

Сағат 10.00-да білім беру мекемелеріне оқ атыла бастаған. "Бүгін таңертең 10.00-да "ДХР" Донецкінің Киев ауданында дүркіндете ату жүйесімен Яснополянская көшесі, 5-үйде орналасқан № 57 жалпы білім беретін мектепке оқ атылды. Снаряд білім мекемесі ғимаратынан бес метр жерде жарылды. Бұл кезде мектепте 238 адам болған, оның 70-і - бала, 28-і - мұғалім", - делінген облыстық әкімшіліктің хабарламасында. Төрт адам қайтыс болып, сегіз адам түрлі деңгейде жарақат алды. Оқушылар арасында зардап шеккендер жоқ. Жарықшақтар мектептің бірінші, екінші қабаттарындағы терезе блоктарын зақымдады.

Сонымен бірге, сағат 10.00-де "ДХР"-дың дүркіндете ату жүйесінің снаряды №17 бағыттағы такси - "Эталон" автобусына тиген. Алты адам қайтыс болып, бір адам жарақат алды", - делінген Украинадағы соғыс туралы хабарламада.

РИА Новости-дің хабарлауынша, өзін-өзі жария еткен Донецк халықтық республикасының бірінші вице-премьері Андрей Пургин қаланы атқылау кезінде Украинадағы соғыстың жаңа құрбандарының қатары 11 адамға жеткенін мәлімдеді. Ал мектепте төрт адам емес, екі адам қайтыс болған.

Ел билігі Украинадағы соғысқа Ресей жасақтары араласа бастады деп есептейді. Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің Ақпараттық орталығының спикері Алексей Лысенконың айтуынша, РФ шекараға жаңа жасақтарын әкеле бастады.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети