Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Украинадағы ұшақ апатын тергеу мәліметтері тамыздың ортасында жарияланады

07 Тамыз 2014, 19:56
0

Малайзия билігі Украина аумағында ұшақтың апатқа ұшырауын тергеу туралы есепті тамыз айының ортасында жария етеді, - деп хабарлайды The Malaysian Insider басылымы. Бұл жөнінде Малайзияның көлік министрі Лиоу Тионг Лай (Liow Tiong Lai) мәлімдеді. Оның ақпараттарына сүйенсек, қазір малайзиялық сарапшылар оқиға орнында зерттеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

Оның айтуынша, Malaysia Airlines MH17 бортының "қара жәшігінен" алдын ала керекті мәліметтер алынуда. "Бұл кінәлілерді тезірек табуға мүмкіндік береді" - дейді ол. Сондай-ақ, Лай: "Барлық ақпараттар келесі аптада дайын болады" деді.  

Тараптар бір-бірін Украинадағы ұшақтың құлауына қатысы бар деп, бір-бірін айыптап отыр. Мәселен, НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен "ұшақтың құлауына Укрианадағы "халық жасақтарының" өкілдері жауапты" деген болатын. Ресейлік депутат Алексей Пушков өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында: "НАТО-ның бұлай дейтіндей дәлелі жоқ" деп мәлімдеді. Сондай-ақ, "халық жасақтарын" Киев билігі де айыптаған болатын. Естеріңізге саламыз, Донецк облысы аумағында малайзиялық ұшақ 17 шілдеде атып түсірілген еді. Апат салдарынан 298 адам көз жұмды.    


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай