"Астана – есірткісіз қала": елорданың Есіл жағалауында есірткіге қарсы ерекше акция өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана – есірткісіз қала": елорданың Есіл жағалауында есірткіге қарсы ерекше акция өтті

Елордада есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған "Астана – есірткісіз қала!" атты ауқымды профилактикалық акция жаңа форматта ұйымдастырылды. Іс-шара Есіл өзенінің жағалауында теплоходтың қатысуымен өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Елордада есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған "Астана – есірткісіз қала!" атты ауқымды профилактикалық акция жаңа форматта ұйымдастырылды. Іс-шара Есіл өзенінің жағалауында теплоходтың қатысуымен өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны Сарыарқа ауданының әкімдігі, қалалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы бірлесіп ұйымдастырды.

Акцияның басты мақсаты – тұрғындар арасында есірткіге деген көзқарас қалыптастыру, салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ "Заң мен тәртіп" қағидаттарын нығайту. Профилактикалық іс-шара Есіл өзенінің жағалауында өтіп, ерекше іс-шараға айналды.

Кешкі уақытта жағалау бойымен "Астана – есірткісіз қала!" баннері мен заңдылық және құқықтық тәртіп қағидаттарын бейнелейтін "Заң мен тәртіп" жазуы көрініс тапқан теплоход жүріп өтті.

Іс-шараның сәнін Ұлттық ұлан оркестрінің өнері келтірді. Музыканттардың кәсіби әрі әсерлі орындауы акцияның мазмұнын байытып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Оркестр орындаған шығармалар қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік әсер қалдырды. Соның нәтижесінде профилактикалық шара тек ақпараттық акция ғана емес, көпшілік жадында сақталатын мәдени оқиғаға айналды.

Бағдарлама жағалауда өткен оркестр концертімен жалғасты. Сонымен қатар тұрғындарға есірткінің зияны мен оның заңсыз айналымының салдары туралы ақпарат беруге бағытталған парақшалар таратылды.

"Нашақорлық пен заңсыз есірткі айналымы бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі болып отыр. Мемлекет басшысы да әртүрлі жиында осы мәселеге ерекше назар аударады. Әрине, полиция қылмыскерлерді анықтап, жауапкершілікке тартады. Бірақ профилактика – бұл күрестегі ең маңызды бағыттың бірі", – деді Астана қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Әлия Қибатқызы.

Ұйымдастырушылар қазіргі профилактикалық жұмыстар түсіндіру іс-шараларына және халықпен өзара әрекеттесудің жаңа форматтарын қолдануға негізделетінін атап өтті. Бұл маңызды әлеуметтік ақпаратты азаматтарға барынша тиімді жеткізуге мүмкіндік береді.

Суреттер: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шара барысында еріктілер де белсенділік танытты. Олар акцияны ұйымдастыруға және қала тұрғындарымен жұмыс жүргізуге атсалысты.

Tengrinews
Астана әкімдігі ұсынған материал
Читайте также

Валюта бағамы

 488.18   559.6   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +20
Ақтау +24
Ақтөбе +18
Атырау +27
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +23
Қызылорда +17
П
Павлодар +17
Петропавл +17
С
Семей +20
Т
Талдықорған +21
Тараз +21
Түркістан +20
О
Орал +16
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер