"Effective Media Liaison" ЖШС - "https://tengrinews.kz/" және "https://massaget.kz/"ақпараттық порталдарының (бұдан әрі – Сайт/Сайттар) меншік иесі, Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған сайлауға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларды сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру үшін интернет-алаңдар ұсыну ақысының мөлшері, шарттары және тәртібі туралы хабардар етеді.
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 2026 жылғы 23 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ден кейін басталып, 2026 жылғы 22 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де аяқталады. Осыған сәйкес, үгіт материалдары Сайттардың беттерінде көрсетілген кезең ішінде орналастырылады.
Сайттар интернет-алаңды Сайттың меншік иесі мен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеген саяси партия (бұдан әрі - Саяси партия) немесе оның уәкілетті өкілі арасында жасалатын жазбаша шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдарының саны мен орналастыру мерзімі Саяси партияның немесе оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіліп, кейін шартта бекітіледі.
Өтініштер Саяси партиялардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен тіркеледі, әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беріліп, оның келіп түскен күні көрсетіледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
1) Саяси партияның партиялық тізімінің ҚР Орталық сайлау комиссиясында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) Саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) шарт жасасуға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.
Саяси партиялардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретіне қарай айқындалады. Егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе, кезектілік жеребе арқылы белгіленеді. Жеребе тарту тәртібі мен шарттарын Сайттың меншік иесі белгілейді.
Егер жазбаша өтініш келіп түскен кезде Сайт беттерінде сұралған орын оған дейін жүгінген басқа Саяси партияға берілген болса немесе техникалық себептерге байланысты ұсынылуы мүмкін болмаса, Сайт өзінің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Саяси партияға үгіт материалдарын орналастыру үшін өзге орынды ұсынады.
Үгіт материалдары Сайтқа орналастырылатын күннен кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын ұсынылуы тиіс. Үгіт материалдарында оларды қаржыландыру көздері туралы визуалды ақпарат және ақпаратты ұсынған адамның тегі көрсетілуі қажет.
Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін өздері жауапты болады.
Осы ақпараттық хабарламада белгіленген талаптар мен тәртіп, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда үгіт материалдары орналастырылмайды немесе анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін орналастыру тоқтатыла тұрады.
Егер үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық немесе рулық алауыздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау, заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары болса, сондай-ақ басқа Саяси партиялар мен олардың Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарының ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтер болса, Сайттың меншік иесі мұндай үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Интернет-алаң ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
Үгіт материалдарын орналастыру бағасы


Үгіт материалдарын пакеттік орналастыру бағасы


* "Партия 2026/1" пакетін немесе "Партия 2026/2" пакетін сатып алған жағдайда саяси партияға осы прайс-парақта көзделген қосымша сатып алынатын қызметтерге 25% жеңілдік жасалады. Аталған шарт сайлауалды үгіт материалдарын орналастыруға өтініш білдірген барлық саяси партияларға бірдей қолданылады. Қызметтер топтамасының құрамы өзгертілмейді және толықтай оның шарттарына сәйкес пайдаланылуы тиіс.
Орналастырылған мәтіндік материалдар Сайттың десктоп-нұсқасында, мобильді нұсқасында және мобильді қосымшасында қолжетімді болады. Сайттар дайын үгіт материалдарын орналастыруды жүзеге асырады, сондай-ақ саяси партияның өтінімі бойынша жарияланған прайс-параққа сәйкес үгіт материалдарын дайындау (әзірлеу) қызметтерін көрсетеді. Үгіт материалдарын әзірлеу саяси партияның тапсырмасы негізінде және оның сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Сайтта үгіт материалдарын орналастыру жөніндегі шарт бойынша төлем Сайттың меншік иесі ұсынған төлем шотының негізінде, шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Сайтта үгіт материалдарын орналастыруға арналған жазбаша өтініштер 2026 жылғы 20 шілдеден бастап 2026 жылғы 18 тамызды қоса алғандағы кезеңде, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 10 сағат 00 минуттан бастап, 18 ағат 00 минутқа дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 88 үй, 2 қабат, коммерциялық қызмет.
Жазбаша өтініштер факсимильдік және интернет-байланыс арқылы қабылданбайды.
Барлық материалдар "Материалдың ақысы ........ тарапынан төленді" деген белгімен бірге ұсынылуға тиіс.