"Елорда тынысы" ЖШС - "Жұлдыз FM" және "Ретро FM Qazaqstan" радиостанцияларының меншік иесі (бұдан әрі – Радио) Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген сайлауға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі - үгіт материалдары) Радио эфирінде орналастыру үшін эфир уақытын ұсыну шарттары мен тәртібі, оның ақысының мөлшері туралы хабарлайды.
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жергілікті уақыт бойынша 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 18:00-де басталып, 2026 жылғы 22 тамызда сағат 00:00-де аяқталады. Осыған байланысты үгіт материалдары Радио эфирінде тек көрсетілген кезең ішінде орналастырылады.
Радио эфир уақытын Радионың меншік иесі мен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеген саяси партия (бұдан әрі - Саяси партия) немесе оның уәкілетті өкілі арасында жасалған жазбаша шарт негізінде, сондай-ақ Радио бекіткен монтаждау парақтарына (медиажоспарларға) сәйкес ұсынады. Монтаждау парақтары (медиажоспарлар) үгіт материалдарының эфирге шығуы жоспарланған күнге дейін 2 (екі) жұмыс күні бұрын, Радионың жазбаша өтініш келіп түскен сәттегі техникалық мүмкіндіктерін, яғнисұралған эфир уақыты аралығында жарнаманың болуы және/немесе болмауын ескере отырып әзірленеді.
Радиода эфир уақытын ұсыну ұзақтығы 60 (алпыс) секундтан аспайтын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудио роликтерді орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Эфир уақытын ұсыну туралы шарт жасасуға Саяси партияның немесе оның уәкілетті өкілінің Радионың меншік иесі басшысының атына жолданған жазбаша өтініші негіз болып табылады.
Саяси партияның немесе оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде үгіт материалдарының саны, ұзақтығы, эфирге орналастырылатын болжамды күні мен уақыты көрсетіледі, кейін бұл мәліметтер шартта бекітіледі.
Өтініш Саяси партиялардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен тіркеледі. Әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беріліп, оның келіп түскен күні көрсетіледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) Саяси партияның партиялық тізімінің ҚР Орталық сайлау комиссиясында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) Саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш беруші тұлғаның жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
4) өтініш беруші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Радио эфирінде Саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретіне қарай айқындалады. Егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе, кезектілік жеребе арқылы белгіленеді. Жеребе өткізудің тәртібі мен шарттарын Радио анықтайды.
Егер жазбаша өтініш келіп түскен кезде сұралған эфир уақыты одан бұрын жүгінген басқа Саяси партияға беріліп қойған болса немесе техникалық себептерге байланысты оны ұсыну мүмкін болмаса, Радио өзінің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Саяси партияға үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа эфир уақытын ұсынады.
Үгіт материалдары эфирге шығатын болжамды күнге дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын Радиоға алынбалы HD (қатты диск), CD (компакт-диск) немесе флеш-карта түріндегі тасымалдағышта, mp3 немесе wav форматында ұсынылады.
Үгіт материалдарында олардың төлемі, қаржыландыру көздері және ақпаратты ұсынған тұлғаның тегі туралы дыбыстық ақпарат болуы тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңнамаға сәйкестігі үшін өздері жауапты болады.
Осы ақпараттық хабарламада белгіленген талаптар мен тәртіп, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда, үгіт материалдары эфирге шығарылмайды немесе анықталған бұзушылықтар жойылғанша олардың эфирге берілуі тоқтатыла тұрады.
Егер үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күшпен өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты дәріптеу, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдарды құру идеялары насихатталса, Радионың меншік иесі мұндай материалдарды эфирге шығарудан бас тартады.
Егер үгіт материалдарында басқа Саяси партиялардың және олардың Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттарының ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат болса, Радионың меншік иесі оларды эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көзделген эфир уақытын ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының талаптарына сәйкес өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
Үгіт материалдарын орналастыру құны төмендегідей:


Үгіт материалдарын орналастыруға жасалған шарт бойынша төлем Радионың меншік иесі ұсынған төлем шотының негізінде, шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Жазбаша өтініштерді Радионың меншік иесі 2026 жылғы 16 шілдеден 18 тамызға дейін (қоса алғанда), демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын 10 сағат 00 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін мына мекенжай бойынша қабылдайды: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 88 үй, 2 қабат, Директордың қабылдау бөлмесі.
Жазбаша өтініштер факсимильдік және интернет-байланыс арқылы қабылданбайды. Барлық материалдар "Материалдың ақысы ........ тарапынан төленді" деген хабарламамен бірге ұсынылуға тиіс.