Батысқазақстандық оқушылар халықаралық байқауда бас жүлдені иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қарағанды қаласында 6 мен 16 жас аралығындағы мектеп оқушыларының арасында VII Халықаралық "ROBOLAND 2022" робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтті.

"ROBOLAND" фестивалі – Қазақстандағы алғашқы және ірі робототехникалық жоба, сонымен қоса, техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың ең ауқымды форумы.

Орал қалалық білім бөлімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы фестивальге еліміздің әр өңірінен және Греция, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан жалпы 300 команда қатысқан.

Балалардың шығармашылық деңгейін анықтау, бағдарламалау тілін меңгерту мақсатындағы фестиваль биыл 16 санат бойынша өткізілген.

Аталмыш байқау қорытындысында әлемнің алпауыттарынан келген мықтылармен жарысқа түскен оралдық "Оқушылар сарайының" педагогы Нұрбол Қырықбаевтың жетекшілігіндегі "Робототехника" үйірмесінің шәкірттерінен құралған Зейін Мағал, Райымбек Габдуллин, Артур Джаксыгалиев, Алиислам Курмангалиев, Арайлым Хайдарова, Төрехан Асхатұлы сынды жас техниктер командасы бас жүлдені қанжығалады.

Айта кетейік, кейінгі жылдары оқушылардың ІТ, робототехникаға деген қызығушылығы артып келеді. Қазіргі уақытта Оқушылар сарайындағы үйірмеге 60 өрен қатысып жүр.

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети