Айбынды жастар - Жаңа Қазақстанның тірегі

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мемлекет іргесінің берік болуы — батыл да айбатты, ержүрек жауынгерлердің қолында". Тарихи өлкетану мұражайында өткен "Айбынды жастар – Жаңа Қазақстанның тірегі" атты әскери-патриоттық іс-шарасында ҚР Қарулы Күштері ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серікбай Онбаев осылай деді. Ерлік сабағына "Жас сарбаздар" кадет мектебінен⠀60-қа жуық оқушы қатысты.

Шымкент қаласы қорғаныс істер жөніндегі департаменті мен білім басқармасының бастамасымен өткен жиында жастар ардагерлермен кездесіп, рухани әңгіме өрбітті. ⠀ ⠀

Болашақ Отан қорғаушылар – біздің жастар. Оларға жыл сайын ардагерлердің қатысуымен өтетін ерлік сабағын беруден жалыққан емеспіз. Білектің күшімен, найзаның ұшымен қалдырған ата-бабамыздың жерін қорғайтын осы азаматтар болғандықтан, оларға тәрбие беру үшін аянбай еңбек етеміз, - деді С. Онбаев.

Бүгінгі күн ел тарихын тануымен бастау алды, деп атап өтті жас сарбаз Н.Тәліп. – Тарихи өлкетану мұражайына жиналған жас сарбаздар елі мен жері үшін қанын төккен ата-бабаларымыздың тарихына қанық болдық.Осындай іс-шараны ұйымдастырған ұстаздарыма алғыс айтамын,- деді жас сарбаз.

Айта кетейік, жас сарбаздар Қарағанды облысы Спаск қаласында өткен сегізінші республикалық "Айбынды жастар" жарысында 40 команданың арасына оза шауып, бірінші орынды иеленген болатын.

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети