Шымкентте жылына 250 тонна бал өндіретін омарта кооперативі өз жұмысын бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте биылғы жылы бал өндіретін 13 шаруашылық бірігіп "BEE-PROM" кооперативін құрды. Кооператив құрамында 8000-ға жуық бал ара ұясы бар.

Ең ірісі - ЖК "Нормухамедов", бүгінде 13 адамды жұмыспен қамтып, асыл тұқымды "Карника" арасын селекциялық асылдандыру арқылы өнім өндіруде. Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов аталған шаруа иелігіне арнайы барып, жұмыстарымен танысты.

"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау" бағдарламасына сәйкес, бал араларының селекциялық асылдандыру жұмыстары 2018 жылдан бері 45,8 млн. тг субсидяланып келеді.

(2018 жылы 5,8 млн.теңге, 2019 жылы 15,0 млн.теңге, 2020 жылы 25,0 млн теңге субсидия берілген). Биылғы жылы 12,5 млн. теңге субсидия беріледі деп жоспарлануда.

Аталған қолдаудың нәтижесінде биыл шаруашылығын кеңейтіп, қосымша ара балын құю, қаптау қондырғыларын орнатып, өндірілген өнімдерін Ресей, Араб елдеріне экспорттауда.

Қала басшысы бал арасын өсірудің маңыздылықтарына тоқталып, кластерлі бағытта жобаны дамытып, кооператив мүшелерін ара пакетімен қамтамасыз етіп, өндірілген өнімді бір орталық арқылы өткізу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді.

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети