"Өмірім - бақытымның айнасы"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Өмірім – бақытымның айнасы" атты психологиялық кездесу өтті.

Басқосудың мақсаты – жастар мен жасөспірімдердің психологиялық сауаттылығын, өмірге деген қызығушылығын ояту және суцидтік жағдайлардың алдын алу. Жүздесуге "Шымкент қаласының әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Жандосова, психолог, журналист, гештальт-консультант Марал Жұмагелді, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының психологтары мен студенттері қатысты.

Кездесуде кәсіби мамандар аталған тақырыптар аясында кеңестерін берді. Сонымен қатар әлеуметтік желі алаяқтарынан сақтану бойынша қажетті мәліметтер айтылып, қатысушылармен еркін форматта пікір алмасты.
Бүгінде жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу және білімін тереңдетуде психологиялық шаралар қажет. Кездесуде жеке тұлғаның психологиялық кедергісін жоюға бағытталғаны көптеген қажетті кеңестермен бөлісті.

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети