Ақтөбе облысында көмірсутек шикізатын қайта өңдеу бойынша мұнай-химия кешені салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласында өткен "Investment Aktobe-2022" VII Халықаралық инвестициялық форумы барысында "Рetrochemical enterprise "GEM" ЖШС өңірдің мұнай-химия саласын дамытуға қызығушылығын білдірді.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен "Рetrochemical enterprise "GEM" ЖШС компаниясының директоры Михаилас Барильчук Мұғалжар ауданының Жем қаласында мұнай-химия кешенін салу жөніндегі жобаны іске асырудағы өзара іс-қимыл туралы тиісті құжатқа қол қойды.

Айта кетейік, ауқымды жоба Мемлекет басшысының мұнай-химия секторын дамыту, қосылған құны жоғары өнім шығару туралы тапсырмасын орындау аясында іске асырылады.

Инвестор 200 МВт көлемінде электр энергиясын өндіру жөніндегі энергетикалық блогы бар мұнай-химия өнімін өндіру үшін мұнай шикізаты мен газды қайта өңдеуді жүргізеді. Қуаттылығы жылына 5 млн. тонна болатын кәсіпорында 1000 жұмыс орны құрылады.

"Рetrochemical enterprise "GEM" ЖШС жобаны іске асыруға әлемге әйгілі бірнеше компанияны, соның ішінде өнеркәсіптік және азаматтық құрылысқа мамандандырылған Lotte Engineering & Construction Co., Ltd компаниясын тартуға ниетті.

2027 жылы пайдалануға берілетін жобаның құны - 1,5 трлн теңге.

Ақтөбе облысының әкімдігі өз тарапынан жобаны іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

"Investment Aktobe-2022" форумына 30-дан астам елдің дипломатиялық миссиялары, Үкімет мүшелері, ұлттық холдингтер мен компаниялардың, қаржы институттарының, трансұлттық корпорациялардың басшылары, ірі шетелдік және отандық бизнес өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Халықаралық іс-шара өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстыру, қолайлы инвестициялық имиджді ілгерілету, сондай-ақ Ақтөбе облысының экономикасына отандық және шетелдік инвестициялардың келуін одан әрі ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети