Алматы облысында Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы кең көлемде аталып өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазіргі таңда Алматы облысында 281 мәдени мекеме жұмыс істейді. Оның 134-і кітапхана, 118-і Мәдениет үйі, 15-і музей, 10-ы архив мекемесі. Облыстың бөлінуіне байланысты мәдени нысандар мен ұйымдардың тең жартысы Талдықорған өлкесінде қалды. Қонаев өңірінде ғимарат тапшылығы туындады. Осындай қиындықтарға қарамастан өнер ұжымы Қонаев қаласында, ашық аспан астында дүркін-дүркін концерттік бағдарламасын ұсынды. Бұл қатарда «Алатау әуендері» концерттік бірлестігінің еңбегі зор. Бұдан бөлек, Қонаевта кітап көрмесі қойылып, музей жәдігерлері таныстырылды. Қапшағай су электр стансысы аумағында қазаққа белгілі үш тұлғаға – Дінмұхамед Қонаевқа, Шапық Шөкинге және Асанбай Асқаровқа ескерткіш орнатылды.

Қонаев қаласының мәдени келбетін қалыптастыру, облыс орталығы ретіндегі мәртебесін көтеру мақсатында аймақта қылқалам шеберлерінің пленэрі өтті. "Ұлы тұлға және Қонаев қаласы" деген атпен қолға алынған шарада суретшілер бас қосып, облыс орталығын әр қырынан бейнеледі. Суретшілердің арасында көршілес Қытайдан, Қырғызстаннан келгендер де болды. Нәтижесінде, Қонаев қаласы туралы 22 картина үздік деп танылып, облыстың мәдени қорына қосылды. Қонаевта, аудан орталықтарында еліміздің танымал тұлғаларының муралдары салынды.

Болашақта Қонаевта және облыстың басқа да елді мекендерінде мәдени нысандар санын көбейту жоспарланған. Бірінші кезекте, Қонаевтан театр, музей ғимараттарын салу мәселесі қозғалуда.
Облыста жыр-термешілер мектебі қалыптасып үлгерді. Бүгінгі таңда аудандарда ашылған арнайы мектепте қазақтың жыршылық дәстүрі, термешілік өнері қайта жаңғыруда. Сүйінбай атындағы облыстық филармония Талғар ауданында жұмысын жалғастырып жатыр.
Республика бойынша Алматы облысында ең көп телетуындылар түсірілетінін ескерсек, орта есеппен мұнда жылына үш-төрт киноның эпизодтары дайындалады. Оның ішінде тарихи деректі фильмдерден бөлек, қазіргі қоғам тынысынан хабар беретін заманауи кинокартиналар да бар. Мәселен, бүгінде облыс аумағында "Жамбыл. Жаңа дәуір", "Қара қыз", "Әкім әйел" деген сияқты фильмдер түсірілуде.

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети